Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Дипломмен - ауылға» мемлекеттік бағдарламасының шапағатын көрген жастар көп. Солардың бір і- Мейрамгүл Жақсылықова Самар ауылының тумасы. Ол Өскемен қаласы Аманжолов атындағы университетін тәмамдап, 2016 жылы туып-өскен жеріне қызмет етуді көздепті. Осы тұста «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы оған көп көмегін тигізді.


Мемлекеттік бағдарлама аясында Мейрамгүл Жақсылықова биыл көптен күткен баспанасына қол жеткізді. «Үйді Самар ауылында өзім таңдадым, ұнағанын алдым. Құжаттарды дайындаған кезде білім бөлімінің мамандары көп көмек көрсетті, уақыттарын бөліп, кеңес беріп, әрқашанда қолдап тұрды», - дейді Мейрамгүл. Қазіргі таңда жас мұғалім тұрмыс құрып, 1 ұлды болған. Қызметтен тыс уақытында жолдасымен екеуі үй айналасын абаттандыруға кіріседі. Жас маман дипломмен ауылға келіп, көрсетілген көмекке ризашылығын білдірді.
Мейрамгүл Жақсылықова № 1 Самар орта мектебінде математика пәнінен сабақ береді. Ол Болғанбаев атындағы мектепті 2002 жылы бітіріп, жоғары оқу орнында да қазақ тілінде оқып шыққан. Жас маман қазір орыс мектептің орта және жоғары сыныпқа сабақ беріп жүр. «Басында әрине, қиын болды, тіл бөгеті пайда болды. Бірінші тоқсанда көп қиналдым. Әйтеуір, бірте-бірте үйрендім. Әріптестерім қол ұшын берді. Сөйтіп, кішкентай болса да жеңіске жеттім, бәрі жақсы», - дейді Мейрамгүл. Заман талабына сай, сабақты түрлендіріп, оқушылардың қызығушылығын арттыру оның басты мақсаты. Ұстазының жаңаша әдістерін оқушылары жақсы қабылдайды.
- Біз өте бақыттымыз. Осылай жас отбасы болып, үлкен осындай үйлі болып жатқанымызға. «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы өте тиімді, біздерге жұмыс жасап, үйлі болуымыз үшін. Жастарға айтарым, сіздер де аянбай еңбек етіңіздер. Біз мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмекке өте ризамыз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз