Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақ ортасында жан мәселелері жайлы жазған адамның бірі – Жүсіпбек Аймауытов. Жазушының тәлім-тәрбие тақырыбында жазған еңбектерінің ішінде «Психология» деп аталатын көлемді шығармасы ғылым үшін таптырмас нағыз қазақи еңбек. Өйткені, бұл – бүкіл кеңестік түркі тектес халықтар тілін-дегі сол кездегі бірден-бір төлтуынды.
Енді осы психология ғылы-мын ауданымыздағы мектептерде жеріне жеткізе қолданып, оның мақсат-мұратын орындап жүрген бір қауым жастар туралы сөз қозғасақ. Мектеп пен пен қоғам, ата-ана мен оқушы арасындағы байланысты үйлестіріп отырған осы – психолог мамандар.
Аудан мектептерінде 32 психолог, 6 әлеуметтік педагог қызмет атқарады.

Олардың жұмыстарын үйлестіруші аудандық оқу бөлімінің маманы Гүл-жан Асқарқызы Назарханова. «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла, жүрегімнің түбіне терең бойла» – деп Ұлы Абай атамыз айтқандай, әрбір тұлға – жұмбақ. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу мектеп психологтарының басты міндеті, – дейді, Гүлжан Асқарқызы біздің сұхбатымызды қоштай. Ауданымызда Жанар Бакаева Преображенка орта мектебінен, Салтанат Советова Жұбандық Болғанбаев атындағы мектеп-лицейінен және республикаға әйгілі психолог - ұстазымыз Хамида Мұқатаева осы салада жемісті еңбек етіп келеді.
Аудан, облыс орталық-тарында өткізілетін семинар, байқау, сайыстарға Хамида Оралбекқызы қатысып, талай жүлделі орындарға ие болса, жуырда Қостанай қаласында өткен Қазақстан Республикасы Білім министрлігі өткізген психологтар сайысында облыс намысын қорғап, бірінші жүлдені иеленіп, республика бойынша «Үздік жыл психологы» атанды. Көкпекті орта мектебі директорының тәрбие істері жөніндегі қызметін атқара жүріп, ауданда өткізілетін барлық іс-шараларға белсене қатысады.
Мамандығы жайлы сұра-ғанымызда: «Халқымыздың ықылымнан келе жатқан «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөзін ұмытпауымыз керек. Бала-ның жақсы азамат болғаны, ең алдымен, ата-анаға байланысты. Бірақ, ата-ананың бәрі бірдей мұғалім емес, бәрі бірдей психолог емес. Оның үстіне толық емес отбасылар, қараусыз балалар, ата-ана мейіріміне зәру балалар қоғамда көбейіп отыр. Психолог маман аса сезгіш, ерекше мейірімді, шыдамды болу арқылы шәкіртінің сырына бойлай алады, – дейді ауданымыздағы үздік психолог Хамида Мұқатаева.
Республика бойынша өз саласының үздігі, аудан психологтарының жарық жұлдызы, Көкпекті орта мектебінің жантанушы – психологы Хамида Оралбекқызы, міне, осындай.


Қайрат Мәлікаждар, Қазақстан
Журналистер Одағының мүшесі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз