Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биылғы 2016 жылы Еліміздің ұлы мерейтойы – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл. Округіміздегі барлық өтіп жатқан мерекелік іс-шаралар осы мерейтойға арналуда. Мариногорка ауылдық округінің Мариногорка орта мектебінде патриоттық бағыттағы әндер, сахналық қойылымдар байқауы өткізілді. Іс- шара АӘД мұғалімі У.Тоқтаровтың құттықтау сөзімен ашылды. Құттықтау кезінде Қазақстан Республикасының құрылу тарихы жайында, со-ғыс және тыл ардагерлерінің ерен еңбектері туралы оқушыларға айтып өтті. Байқауда Жеңіс туралы әндер, өлеңдер, әдемі билер орындалды.


Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылар екі тілде әндер айтты. Екінші кезеңде оқушылар патриоттық өлеңдер оқыды. Екі кезең қортындысы бойынша әділқазылар алқасы жеңімпазды анықтады. Байқауға 1-ші сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқушылар қатысты.Бастауыш сыныптарының арасында 1-орынды 4 «а» сыныбы иеленсе, 2 орынды 2 «б» сыныбы, 3-орынды 1 «а» сыныбы иеленді. Жоғарғы сыныптар арасында 1 орын 9 «а» сыныбы ,2 орын 9-10 сыныптары, 3 орын 6 «а» сыныбына тиесілі болды. Байқау соңында қатысушыларға «мадақтау қағаздары» берілді.
Байқауды өткізу мақсатымыз келешек жас ұрпақтың патриоттық сезімін ояту. Тәуелсіздігімізді дәріптеу болды. Алдағы күндері де бірқатар шаралар жоспарланған.


Б.Тегісхан, жетекші маман

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз