Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Күз маусымы мерекелі ай. Жомарт күз әрбір үйдің дастарханын түрлі дәмге, қоймасын дәнге толтыратын берекелі ай. Келесі күзге дейін есте қалатындай етіп қасиетті айдың қадірін арттыру мақсатында Көкпекті ауылындағы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепте 3-4 сыныптар арасында «Күз Ханшайымы» байқауы болды.
Мерекеге 3 «а» сыныбынан Аида Жеңісова, 3 «б» сыныбынан Дина Ақылбаева, 4 «а» сыныбынан Мұңият Шағыбай, 4 «б» сыныбынан Алтынжан Асқанбаева қатысты. Жарыста қыздар өздерін, әсем көйлектерін, шаш үлгілерін таныстырады. «Күзгі сыйлық» сайысында күзгі көкеніс, жемістерден әділқазыларға арнап әсем сый жасады. Аспаздық өнерлерін көрсетіп күзгі салаттар әзірледі, барлық өнерлерін ортаға салып ән айтты, би биледі, мәнерлеп өлең оқыды. Қатысушы қыздарымыз жылдамдығы мен тап-қырлығын таныты.


Осы сайыстың қорытындысы бойынша «Күз ханшайымы - 2016» Аида Жеңісова атағына лайықты болды. Қалған қатысушы қыздар әртүрлі ата-лымдарға ие болып, барлық жеңімпаз қыздарға сыйлықтар берілді.


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз