Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазан айының 25 күні аудан орта-лығындағы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп әдеттегіден ерекше күйге енген. Білім ордасының ауласынан басталатын ұқыптылық пен талғампаздық белгісі оның ішіндегі жайылған Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қол өнер бұйымдары мен кітап көрмелері, оқушылардың спорттық жетістіктерін әйгілейтін түрлі кубоктардың қаз-қатар тізіліп тұруы, есігі айқара ашылған жәдігерлер мен деректерге бай өлкетану мұражайы тағы басқалардан анық байқалады. Өйткені, бүгін ұстаздар мен шәкірттер мекенінде ата-аналар үшін «Мектеп тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбымен ашық есік күні.

Алдын-ала бекітілген жоспарға сәйкес мектеп ұстаздары мен оқушылар келген қонақтарды лайықты қарсы алуға, бір-бірін жерге қаратпай, барлық қолдан келген мүмкіндіктерін көрсетуге даяр екені бірден байқалды. Білім ошағына арнайы барған бізге мектеп ішін аралата жүріп, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Тлебалдина: - Мектепте осындай мерекелі күндердің өткізілуі оқу-тәрбие жұмысын жан-жақты бақылау, оқушылардың шығармашылық біліктіліктерін дамыту және білімді насихаттау, ата-аналар үшін педагогикалық ағарту ісін ұйымдастыру, отбасы мүшелерін мектеп қызметіне белсене араласуға тартуда маңызы зор. Ашық есік күні шақырылған ата-аналар бағдарламаға сәйкес іс-шараның барлық түріне, ашық сабақтарға, тәрбие сағаттарына қатысып, оқу процесі мен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады. Өз балаларының, олардың сыныптастарының білім деңгейі, сабақ үстіндегі мұғаліммен қарым-қатынасы туралы, пән оқытушысының шеберлігі мен біліктілігін көздерімен көріп, тіпті баласының өздері білмейтін басқа қырынан танитын болады, - дейді.
Сабақ кестесіне сәйкес 1-11 сыныптар мен мектеп алды даярлық тобында ашық сабақтар барлық пәндер бойынша өткізілді. Ашық есік күніне өте белсене қатысқан 6 «а» сынып ата-аналары Г.Өмірзақова, Г.Смағұлова, А.Әмірхан, Н.Шафикова, С.Мүлікова, В.Наз-кеева, А.Масқұтова, А.Тұрарбекова, Ш.Қалды-баеваны сынып жетекшісі С.Қасымова ерекше мақтанышпен атап өтті. Сондай-ақ, бірінші сыныптың балдырғандары мен өткен сынып жетекшісі Қ.Серікованың «Мемлекет болашағы – дені сау ұрпақ» тақырыбындағы тәрбие сағатының куәсі болдық. Белсенді ата-аналар Ә.Сәбирова, А.Жұмажанова, Н.Қырықбаева, Г.Құмарханова бастауыш сыныптарға білім беруде көп жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаздың сабағынан балаларымен бірге талай нәрсені үйреніп шыққаны анық.
Сондай-ақ, мектептің дене шынықтыру пән мұғалімдері Т.Мұстафинов, Т.Рахимов, А.Қайырбеков, М.Құмашев 2-4 сыныптар арасында «Әке, шешем және мен» спорттық ойынын ұйымдастырып, отбасы мен бала арасындағы ынтымақтастық пен берекені нығайтты десе болады. Б.Демеубаева жетекшілік ететін 3 «А» сыныбында «Досыңа адал бол» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатында шәкірттер өз ойларын еркін ортаға салып, ата-аналарын риза етті.
Білім ордасы ұсынған бұл мүмкіндікке қызығушылық танытқан, ұл-қыздарының мектеп-тегі өміріне бей-жай қарамайтын алпысқа жуық ата-ана өз қалауларымен сабақтарға кіріп, ұс-таздардың сабақ өткізу әдістерімен танысты. Оқушылардың білім-білік дағдыларын байқады. Іс-шара бағдарламасы бойынша 5 сынып жетекшісі А.Сағынаева «Табиғатқа табын, Адам!», 10 «А» сынып жетекшісі С.Абсадықова «Бақытыңды балаңнан ізде», 6 «Б» сынып жетекшісі Д.Қалиева «Шындос – асыл қазына», 7 «Б»сынып жетекшісі Г.Жұмаханова «Дос және достық», 10 «Ә» сынып жетекшісі Д.Шәкербекова «Мамандықтар әлемі» тақырыбында ата-аналардың қатысуымен тәрбие сағаттарын өткізді.
Ал, үлкен үзіліс кезеңін де бекер жібермей өткен «Достарым, байлығым» мейірімділік акциясына 6-7 сынып оқушыларының қызығушылығы ерекше болып, достық, адамгершілік, мінез-құлыққа байланысты сұрақтарға белсене атсалысқанының куәсі болдық. Ата-аналар С.Көпесовтің жетекшілігімен ұйымдастырылған мектеп өнерпаз жастарының «Мен елімді әнге қосып, мақтан етем» патриоттық ән кешін тамашалады. Өз балаларының өнерін тамашалаған ата-аналар мектеп әкімшілігіне ризашылықтарын білдірді.
Мектеп-халқымыздың ата-бабадан келе жатқан ізгі қасиеттерін жас жеткіншектер бойына сіңіретін орта. Ендеше, рухани ұлттыққа жеттілікке жараған білім ғана ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана – болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтушы ұрпақ. Ата-бабадан қалған өшпес мұра, мол қазынаны қабілеті жоғары ұрпақ бойына дарыту – мектептің міндеті. «Көкірек көзін оята тәрбиелеу» - ата-анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып ат салысатын жауапты міндеттің ең бастысы.


Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
           

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз