Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

30 қыркүйек күні біз «Өрнек» балабақшасының ашылғанына екі жылдық туған күнін атап өттік. Тәрбиеленушілеріміздің «Саңырауқұлақтар» биімен басталған мерекеде «Өрнек» ЖШС балабақшасының директоры Ержан Тұрсынханұлы құттықтау сөз арнады. «Балабақша ханшайымы-2016» байқауымен жалғасқан шараға «Балапан» және «Тәй-тәй» топтарынан Ақнұр Марат, Аяулым Серікқалиева, Дания Асқарова, Алтынай Баймадиева сынды әдемі де тәп-тәтті бүлдіршіндер қатысты. Әр кезеңнің арасында туған күн мерекесімен құттықтауға келген аудандық мәслихат депутаты Райфа Сафиоллақызы, Кеңес Одағының батыры Қойгелді Аухадиев атындағы округтің әкімі Д.Қойгелдин, мектеп директоры Н.Окитаеваға құттықтау сөз кезектері берілді.

Балабақша бүлдіршіндері арасында испан, «Кемпірқосақ» билерімен өнерлерін ортаға салып, көрермендерді қуантты. Осылайша сайыс өз мәресіне жетіп, әділқазылар алқасы бас жүлдені сайыскерлерден дараланып үздік шыққан балабақша ханшайымы атағын Аяулым Серікқалиеваға табыс етті. Ал, басқа бүлдіршіндер «Көркем қыз», «Сыпайы қыз», «Өнерлі қыз» аталымдарына ие болды. Шараның соңында кішкентай аруларымыздың ата-аналары құттықтау сөз сөйлеп, алғыстарын білдірді. Осылайша балабақшамыздың туған күні үлкен мереке болып атап өтіліп, көпке дейін бәрінің есінде қалатындай шара болды.


Г.Тұрлыбекова, «Өрнек» балабақшасының меңгерушісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз