Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Менің ана тілім - шексіз бай, тегеуріні мықты тілдердің бірі болып саналады. Осынау жарық дүниеге келгеннен бері, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан ең қымбат, әрі ең қастерлі тіл дер едім. Ақын атамыз Сұлтанмахмұт Торайғыров «Сүйемін туған тілім – ана тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім», - деп тегін айтпаған.
Ана тілі – ол атадан балаға мұра ретінде сақталып келе жатқан асыл қазына. Менің түсінігімше, ең жақсы адам – ана тілін дәріптеп, қадірлейтін адам. Ана тілін сүймеген адам, өз тарихын да білмейді, халқын да сүйіп жарытпайды десем артық болмас.
Қазақ тілі - дамыған, жетілген, өте бай тіл екенін кезінде кемеңгер Абай атамыз да дәлелдеген. Ол орыс ақындарының шығармаларын аударса, екіншіден шығармаларын шетел ақындарындай майын тамыза жазып дәлелдеді.


Тіл - халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі ғой. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық тіл, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі», - делінді. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үштілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері бүгінгі күннің қажеттілігі.
Жаһандану заманында ел арасын жақындастыратын, жүздескенге ізгі ниетті, жақсы ілтипатты жеткізетін тілдің орны бөлек. Өз ұлтының, халқының, мемлекетінің тілін жетік біле отырып, өркениет көшінің алдыңғы сапында келе жатқан халықтың тілін де білу – заман талабы. Олай болса, заман ағысынан кеш қалмайық!
Ж.Қалиякперова, 8-сынып оқушысы,
І.Жансүгіров атындағы орта мектеп

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз