Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ақ парақты шимайлау бәріміздің қо-лымыздан келеді. Алайда салынған сурет арқылы жан дүниені жеткізу хас шеберлерге ғана тән болса керек.
Қылқаламның көмегімен көпшілікті там-сандырып жүрген бүгінгі біздің кейіпкер – Айым Қапезова. Ол балабақша қабыр-ғасынан бастап сурет салуға әуес екен. Таланты мен талабы ұштасқан қыз бүгінде Көкпекті ауылындағы Ж.Шайжүнісов атын-дағы орта мектептің 4 сынып оқушысы.


«Өнерлінің алтыны қолында, байлығы жатыр жолында», - деп бекер айтпаған ғой, өйткені шебер қолдарының арқасында дүниеге келген туындыларын көптеген сурет көрмесінің биігінен көрініп жүр. Айым өзі оқитын мектебінде 18 мамыр күні сурет көрмесін өткізді. Бұл көрмеде Айымның әр-түрлі тақырыпта және әртүрлі жанрда салған суреттері қойылды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізген көрмеде Айымның өз туындылары арқылы егемендіктің айшықты тұстарын бейнелі жеткізгенінің куәсі болдық. Сонымен қатар, бұл көрмені ұйымдастырушы Айымның ұстазы, бейнелеу пәнінің мұғалімі Берік Табиғатұлы өз шә-кіртінен үлкен үміт күтетінін жасырмады.
Біз де оның алтындай қолдарынан тамаша туындылар әлі де шыға беріп, жоғары бағалана беруін тіледік.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз