Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 20 сәуірі күні Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданындағы М.О.Әуезов атындағы орта мектептің химия пәні кабинетіне атақты профессор Ж.К.Мылтықбаеваның аты берілді. Осы іс-шара аясында, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеттің химия кафедрасының ұйымдастыруымен «Университет – мектеп ынтымақтастығы» аясында «Жас химик» облыстық олимпиадасы өтті.


Аталмыш олимпиадаға, аудан орталығындағы білім ордасы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің оқушылары қатысты. Олар Мемлекеттік университет ректоры тағайындаған кубокты жеңіп алып, І-орынды қанжығаларына байлап қайтты. Атап айтсақ, Іңкәр Дәлелқанова, Әсел Қожабаева және Ардақ Миратова сынды шәкірттер білім сайысында ауданның, мектептің намысын қорғап келді. Оларды олимпиадаға дайындап, білім нәрімен сусындатып жүрген жас ұстаз, химия пәнінің мұғалімі Мөлдір Садуова сенімнен шыққан оқушыларына дән риза. Сөз соңында тәуелсіз еліміздің болашақ «жас химиктеріне» айтарымыз, алар асуларыңыз көп болып, білімнің биік шыңына өрлей беріңіздер дегіміз келеді.
КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз