Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мұғалім деген сөзде көп мағына бар. Жақсы мұғалім оқушыларды оқытқанда өзінің жүрегін бере-ді. «Бала жүрегі - кішкентай күйсандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М.Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті.


Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің №2 даярлық тобының жетекшісі Назымгүл Аханқызы Айткенова бастауыш сынып мұғалімі, 25 жыл педагогикалық еңбек өтілі бар білікті, жоғары білімді ұстаз. Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінде 3 жылдан астам уақыт жұмыс істеуде. Отбасылы, 3 бала асырап, 2 немере сүйіп отырған ардақты ана, сүйікті апа.
Даярлық тобының жетекшісі туралы Бинұр Тлеубекованың анасы Ләйла Құнанбаева: - Менің қызымның осындай мұғалімге кездескеніне өте қуаныштымын, ол өз ісінің майталманы. Мұғалімнің жұмысы балаларды түсіну, жұмысын беріліп істеу болып табылады және оның алған білімі мен тәжірибесі қазіргі заманауи талаптарға сай болуы, соны балаларға жеткізе білгені үлкен жетістік. Біз оны баламыздан көре алдық. Қызым мектепке үлкен ықыласпен күнде сабаққа баруға асығады, ол мұғалімнің еңбегі. Баланың сабаққа қызығушылық танытқаны, мұғалімнің соған жол ашқаны. Назымгүл Айткенованың ұйымдастырған мерекелік шаралары үлкен екпінділікпен өткізіледі. Сыныбында қашанда қарбаластық болып тұрса да, соған қарамастан, әр балаға көңіл бөле алды, - дейді.
Ал, екінші бір ата-ана Сәуле Раздықова ұстаз туралы жақсы лебізін былайша білдіреді: - 2015-2016 оқу жылында балам даярлық тобына барды. Осы топтың тәрбиешісі Назымгүл Аханқызы әр баланың сабаққа деген қызығушылығын оята біледі. Ата-анамен әрдайым тығыз қарым-қатынаста болып олардың ризашылығына ие болуда. Ол кісі өткізген шаралар-дың арқасында бала есінде жаңа мағлұматтар жақсы сақталады. Мұға-лім өзінің ішкі жан дүниесін, оның байлығын оқушы алдында ашық та анық көрсете біледі. Ол баланың адамгершілік қасиеттерін өсіретін, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыратын мәліметтерді оқушыларға үнемі беріп отырады. Білім алып жатқан балаларымыздың оқуға қызы-ғушылықтары әрі қарай артады деп ойлаймын. Назымгүл Аханқызы ең-бегі зор, адамгершілігі мол педагог. Өзінің алға қойған мақсаттары орындала беруіне, шағармашылық табыстарға қол жеткізуіне тілектеспін.
Сабина Алтынғазинаның анасы Флюра Қабдыл-қақова Назымгүл Аханқызына балаларға дұрыс тәрбие беріп, оң–солын танытып, әріппен таныстырып, қосу-алуды үйреткені үшін шексіз риза екенін айтады. Алдындағы балақандарға жүрек жылуын арнап, жақсы тәрбие беретін, мейірімді тәрбиешілердің көп болғанын қалайтынын, және ұстаздық шеберлігі үшін Назымгүл Аханқызына мың алғыс білдіретінін жеткізеді. Сонымен бірге, Әлішер Жанұзақовтың анасы Салтанат Дюсюпова да баласының ұстазын былай дәріптейді: - Балам биылғы оқу жылында № 2 даярлық тобының тәрбиешісі Назымгүл Аханқызының қарамағына өтті. Тәрбиенің мақсаты- шат көңілділікке, өмірсүйгіштікке, адамгершілікке және жасампаздыққа баулу болып табылса, соның барлығын тәрбиешіміздің арқасында баламның көз алдымда өзгере бастағанынан көре алдым. Сол үшін көп алғысымды білдіремін. Ол кісі әр сабағын тиянақты, көрнекілікпен, техникалық құралдар қолдану арқылы және оқушылардың белсенді қатысуымен өткізеді. Назымгүл Аханқызының еңбе-гіне шығармашылық табыс тілеймін.
Л.Құнанбаева, № 2 даярлық тобы ата-аналары атынан, Ж.Болғанбаев атындағы орта мектеп

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз