Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазіргі күні ұстаздық мамандықты таңдайтындар аз. Ал таңдағандары мектепте жұмыс істеуге құлықты емес деген пікір жиі айтылады. Ал енді біздің аудандағы мектептердегі жас мұғалімдердің жыл сайын артып келе жатқанына қарап, бұл пікірдің қате екеніне көз жеткізе аламыз. Жас мұғалімдер шоғырланған мектептің бірі Сарыбел ауылындағы орта мектеп.
Жас ұстаздар жаңалық жаршылары, олар оқушылардың ғана емес мұғалімдердің өздеріне де жастық жалындарымен оң әсер берері сөзсіз. Сондай жігерлі жастардың бір тобы осы мектепте. Олар Биғайша Смағұлова, Гүлім Қабылқақова, Нұрберген Өскенгүл, Ситора Нұрпейісова, Жандарбек Нұрпейісов, Алтай Ардагүл. Биғайша Тұрақанқызы педагогикалық колледждің түлегі, осы ауылдың тумасы, ол – технология пәнінің мұғалімі. Гүлім Бекзатқызы Үлкенбөкен ауылынан келген, Шәкәрім атындағы Семей университетінің түлегі, хим-биолог. Жоғары білімді ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұрберген Өскенгүл. Ерлі–зайыпты жас мамандар Ситора – дене шынықтыру сабағынан дәріс берсе, Жандарбек – психолог. Алтай Ардагүл – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.


Олар алдыларына зор мақсат қойып, өздері ғана білімді атанбай, соңдарынан еретін жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, егемен еліміздің лайықты азаматы болу жолындағы тәрбие жұмысымен де айналысады.
Мектеп директоры Гауһар Бектасынованың айтуынша, жас ұстаздар өздерінің алдына қойған мақсаттарында мына қағидаларды берік ұстанады екен: «Бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істейді», « Баға құнды емес, бала құнды», «Ұстаз қызметінің мақсаты - өз пәнін жақсы үйретуден гөрі тереңіректе: ол - адамды жасаушы адам», «Мұғалімнің өз сабағын білуі жеткіліксіз, оған қоса баланың жанын ұға білсін».
«Кеше ғана біз өзіміз де шәкірт болғанбыз. Сондықтан да балаларды түсіну бізге жеңілірек сияқты. Ал олармен тез тіл табысып кетуде бізге ересек әріптестеріміздің көмегі зор. Олар бізге ылғи да көптің көзінше оқушының кемшілігін бетіне баспа. Сеніп айтқан сырын ашпа деп отырады», - дейді олар бір ауыздан. Көп жағдайда оқушылар жас мұғалімдердің сабағында тыныш отырмайды деп жатады. Ол үшін мұғалім қандай болуы керек деген сұраққа жас ұстаздар бірден-ақ, сабақ үстіндегі тыныштыққа көп ізденіспен, еңбекпен ғана жетуге болады деп жауап берді.
ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар өте зор. Жақсы мұғалім болу үшін оның жеке көзқарасы және оны қорғай білетін жігері болуы шарт. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Осындай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар-ожданын үнемі қорғай алады. Мұғалім педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде пайдалана білетін болуы керек. Мұғалім қай пәннен сабақ берсе де, ол баланың өмірінің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге дайын болуы керек. Біздің кейіпкерлеріміз өздерінің алған педагогикалық білімдерінде осы қағидаларды теория жүзінде оқыған. Енді алда ұзақ жылғы ізденіс пен жалықпай еңбек ету міндеті тұр. «Біз сонда ғана ұлағатты ұстаз деген атқа лайық бола аламыз», - дейді жас мамандар. Талаптарыңа нұр жаусын, табыс тілейміз!

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз