Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тассай ауылдық округі. М.Әуезов атындағы орта мектептен бұл күні 12 түлек білім ордасымен қоштасты. Мектептегі соңғы қоңырау кешіне арнайы шақырылған қонақтар аудандық білім бөлімінен Сарманова Нүргүл Мұратқызы, осы мектептің ардагер ұстаздары С.Чалова және К.Оразғалиева, ауыл әкімі С.Далбин келіп жылы лебіздерін білдірді.

Сонымен қатар, осы мектептен білім алып бітіріп кеткендеріне 20-30 жыл толған мерейтойларын атап өтуге келген түлектер де өздерінің мектепке деген жылы сезімдерін мен телевизор, проектор, күреске қатысытын балаларға арналған «кимано» киімін және ауылдық мешітке шаңсорғыш тарту етті. Бұл мектепте «Алтын белгіге» үміткер екі оқушы Армика Әділғазинова мен Толғанай Букумбаева. Салтанатты кеш, концерттік бағдарламаға ұласты.

Көкжайық ауылдық округі. «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын өткізілді. Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды.

Құттықтау сөз мектеп директоры С.Нұқышева, оқу ісінің  меңгерушісі А.Баямбаева, Көкжайық ауылының әкімі Н.Сүлейменов және Көкпекті ауданынан келген өкіл ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы М.Темиржанов бітіруші түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтап жылы лебіздерін білдірді. Биылғы оқу жылында жетістікке жеткен оқушылар марапатталды. Ата-аналар атынан А.Абекбаева құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік концерттік бағдарламаны тамашалады. Мектеп бітіруші түлектер ұстаздарды құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, мектеппен қоштасу әнін орындады.

Белое ауылдық округі. Биыл Октябрь мектеп балабақша кешенінде 4 түлек қанат қағып ұшқалы тұр. Арнайы түлектерді құттықтауға Белое ауылдық округ әкімі М.Жанкебаев, аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті меңгерушісі Д.Садвакасова келді. Ауданнан келген қонағымыз оқу жылының аяқталуымен, соңғы қоңырау салтанатымен баршаны құттықтап, түлектерге жүрекжарды тілектерін білдіре келе, мектебіміздің білім мен шығармашылық табыстары үшін, ауданымыздың Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуде ұжымымыздың сүбелі үлесі үшін аудан әкімі Р.Сағындықовтың мақтау қағазын мектеп директоры К.Кожаеваға табыстады.

Өз кезегінде ауыл әкімі Мұхтар Қайырғазыұлы мектебіміздің бірқатар оқушылары мен мұғалімдеріне алғыс хаттар мен мақтау қағаздарын тапсырды. Әдемі қазақ киіміндегі «Айкөркем» би ансамблінің «Шаттық» биі, 1 сынып оқу озаты Ж.Жамбырбаеваның «Мектебім» әні мерекенің сәнін кіргізді. «Алтын белгіге» үміткер түлегіміз Ж.Иматулина «білімнің алтын кілтін» ізбасарларына табыстап, соңғы қоңырау соғу мәртебесіне ие болды.

Бастаушы ауылдық округі Абай атындағы орта мектебінде соңғы қоңырау мерекесі «Сыңғырла қоңырау тағы да...» атты тақырыппен өтті. Барлық сыныптар мерекеге сай безендірілген мектеп ауласына сапқа тұрды. Қазақстан Республикасынынң Мемлекеттік Туы әкелінгеннен кейін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Мерекеге мектептің барлық 120 оқушысы, 20 жылдық кездесуге келген мектептің 30 түлегі, 50 ата-ана, қонақтар, зейнеткер-ұстаздар қатысты. Биылғы жылы мектепті 4 оқушы аяқтап отыр, олардың екеуі ҰБТ тапсырады. Екі оқушы да келешекте дәрігер болуды армандайды. Көкпекті аудандық әкімшіліктің өкілі Серік Қасымханов, Көкпекті аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Райхан Жұмақанова оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

Мектеп директоры мектеп өміріне белсенді қатысқан, оқуда, өнерде, спортта алда болған оқушыларды марапаттады. Құрметті атақтар берілді: «Жыл оқушысы» - 8 сынып оқушысы, аудандық Абай оқуларында ІІ орын алған  Кәрім Алина, «Жыл түлегі» - 11 сыныптың оқушысы, мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысқан, аудандық оқушылар олимпиадасының математикадан жүлдегері Жақсылық Ырысты, «Жыл спортшысы» - аудандық еркін күрестен, жеңіл атлетикадан жарыстардың жеңімпазы,  еркін күрестен облыстық жарыстардың жүлдегері Болатқанов Нұрасыл атанды. Спорттағы жетістіктері үшін еркін күрестен, жеңіл атлетикадан аудандық, облыстық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары мектеп директорының грамотасымен марапатталды. «Үздік сынып-2015» құрметті атағын жылдық жарыстың қорытындысы бойынша 5-сынып оқушылары жеңіп алды. Сынып жетекшілері – Р.Байкубинова. Осы сыныпты маусым айында Жидебай-Бөріліге апаруға 20 жылдық кездесуге келген мектептің 1995 жылғы түлектері, Қ.Оспанов, Ө.Бушанов демеушілік көмек көрсететін болды.

Құлынжон ауылдық округі. Амангелді орта мектебіндегі соңғы қоңырау салтанаты жылдағыдан ерекше болды. Бұл күні оқушыларға ұмытылмастай сабақ болатын кең ауқымды патриоттық шара ұйымдастырылды. Мектептің түлектері мен оқушыларын мектеп директорынан бастап, осы күнге арнайы келген қонақтар құттықтап, барлығына сәттілік тіледі. Озаттар мен спортта жетістікке жеткендер марапатталды.

 Содан кейін осы мектептің ұстаздары, оқушылары мен бұрынғы түлектері, тіпті бүкіл ауыл болып атсалысқан ескерткіш ашылды. Бұл ескерткіш осы ауылдан Ұлы Отан соғысына аттанып оралмағандар мен соғыстан жеңімпаз болып келген, кейіннен осы жердің түлеп-түрленуіне үлес қосқан аталарға арналған. Оның құрылысына алыс-жақындағы ұрпақтары, осы ауылдың адамдары тайлы-таяғы қалмай көмек жасап, өз қолдарымен тұрғызды. Салтанатты жиында олардың ұрпақтары естеліктер айтты. Оқушылар да өздері ізденіп, бірталай мәліметтер жинаған. Жиын соңы ауылдың ынтымақтастығы арқасында ұйымдастырылған үлкен асқа ұласып, шейіт болған боздақтарға арналып Құран бағышталды.

Ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелер, өшкеніміз жанғандай болдық осы істі қолға алып ұйымдастырған жастарға алғысымыз шексіз деп, баларын берді. Сөйтіп, соңғы қоңырау салтанаты тағылымды шараға ұласты.

 

Клара НҰРПЕЙІСОВА,

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз