Аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы жоспарға сәйкес жұмыс сапарымен Үлігілімалшы,Теректі және Шұғылбай ауылдық округтеріне қарасты ауылдарда болып қайтты. Әр сапарында, тіпті, қыстың көзі қырауда да ауылдардың жай-күйін көзбен көрулері тиісті мекеме мен бөлім басшыларын ерте жүріп, тапсырма берді.
Жалпы, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін ауыл әкімдері мен сала мамандары бірігіп, жұмыла, тиянақты жұмыс жасау қажеттігін алға тартқан аудан әкімі өзі барған жерлердегі балабақша, мектеп, секілді әлеуметтік нысандарды және қолданысқа берілген тұрғын-үйлерді аралады.
Ең бірінші Теректі ауылдық округінде болып, Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылған Қойгелді Аухадиев атындағы орта мектеп жанындағы шағын орталықтың жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда орталықта бұрынғы «Ерке-Нұр» балабақшасының барлық 33 бүлдіршіні тәрбие алуда. Сондай-ақ «Ерке-Нұр» балабақшасының барлық мамандары осы орталыққа жұмысқа орналастырылды.
Жаңадан ашылған орталық өз жұмысын сәтті жалғастырып, ауылдағы бүлдіршіндерге сапалы тәрбие мен қамқорлық көрсетуде.
Шұғылбай ауылындағы жұмыс сапары барысында Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебіне барып, мектеп кабинеттеріндегі жылу температурасын тексеріп, білім беру мекемесінің жалпы жағдайын бағалады. Мектеп директоры алдағы уақытта өтетін Ұлы Отан соғысының жеңісіне арналған 80 жылдық мерейтойына дайындық барысымен таныстырды. Бұл бағытта аудан басшысы шараға мектептің жоғары деңгейде дайындалуы үшін қажетті қолдау көрсетілетін алға тартты.
Мектептің жұмысы мен қажеттіліктерін саралау барысында акт залындағы орындықтарды ауыс-тыру мәселесін шешу үшін мектеп директорының міндетін атқарушыға тиісті тапсырма берді. Бұл оқушылар мен ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау жолындағы маңызды қадам.
Айта кетейік, аудан әкімі Әділет Қожанбаев Шұғылбай ауылында жақында қолданысқа берілген тұрғын үйлердің жағдайымен танысып,үй иелерімен кездесті. Тұрмыс-тіршілігі туралы пікірлерін тыңдады. Тұрғындардың ұсыныстары мен қажеттіліктерін ескере отырып, шешу жолдарын қарастыру бойынша сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді. Жаңа тұрғын үйлер ауылдың дамуындағы маңызды қадамдардың бірі екенін айта отырып, болашақта осындай жобаларды жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.
- Халықтың өмір сүру сапасын арттыру – біздің басты мақсатымыз. Бірге игілікті істерді жүзеге асыратын боламыз!- деді өз сөзінде.
Түс ауа Үлгілімалшы ауылына жол тартқан аудан басшысы Абай атындағы мектептің жұмысымен танысты. Мектеп ғимаратындағы жағдайды көріп, ауа температурасының талапқа сай екеніне көз жеткізді.
Мектеп ұстаздарымен кездесіп, олардың оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектері туралы пікір алмасты. Мұғалімдер оқушылардың ғылыми жобаларын таныстырып, алдағы уақытта жүзеге асыруды жоспарлаған жұмыстарымен бөлісті.
Бір ерекшелігі білім ордасында домбыра үйірмесіне белсенді қатысып, ұлттық өнерді дәріптеп және шахмат ойынын дамытуға көңіл бөліп жүрген талантты оқушылар бар.
Сонымен қатар мектеп директоры Ермек Сыдықұлы Ұлы Абайдың 180 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығына орай жоспарланған іс-шаралар туралы айтып өтті. Бұл тарихи даталардың жас ұрпаққа рухани тәрбие берудегі маңызы зор екені сөзсіз.
Осындай белсенді және шығармашыл ұжымның жұмысы ауданымыздың дамуына үлкен үлес қосатынына сенімді екенін алға тартты.
Гүлім ЕРЛАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.