Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тассай ауылындағы кездесу халық пен билік арасындағы келелі кеңеске ұласты. Мәдениет үйінің ғимаратында өткен кездесу жиыны жинақы әрі екіжақты пікіралмасу, сұрақ-жауап форматында өрбіді.
Ауылдық округ әкімі Ержан Мазыбаев халық алдында есептік баяндама жасады. Атқарылған істерді қорытындылап, алдағы жоспарлармен таныстырды. Ынтымағы жарасқан Тассай ауылының халқы кіндік қаны тамған туған жеріне деген ерекше қамқорлығымен ерекшеленеді десек артық емес. Соңғы жылдары ауылдан шыққан азаматтар туған жерінің гүлденуіне атсалысу бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. «Тассай азаматтары» деген атпен қоғамдық қауымдастық құрылып, талай игілікті істерді жүзеге асыруда. «Тұғырлы Тассай» атауымен жыл бойында кешенді жобалар жүзеге асырылды. Тассайлық азаматтардың мызғымас бірлік-берекесі, туған жерге деген махаббаты басқа ауылдарға үлгі.


Биылғы жылы Тассай ауылының орталық 2 көшесіне асфальт салуға аудандық бюджет есебінен қаражат бөлінгені туралы хабарды жиылған көпшілік қауым ұзақ қол шапалақтап, қуана қарсы алды. Сонымен бірге ауылдың іскер азаматы Жанат Ибрагимов балық өнімдерін өңдеу цехын ашу бойынша жұмыстар жүргізуде. Аудан басшылығының тікелей қолдауымен жүзеге асырылатын бұл жоба ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге зор мүмкіндік бермек.
Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев бірінші кезекте биылғы жылғы өзгерістерге тоқталып, алдағы уақытта аудан халқымен жиі-жиі кездесетінін жеткізді. Мұнан соң ауданда атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды тілге тиек етті.
- Бүгінгі кездесудің басты мақсаты сіздермен еркін пікір алмасып, маңызды мәселелерді бірге талқылау. Себебі ауылда шешімін күткен сұрақтарды сіздерден артық білетін ешкім жоқ. Алдағы уақытта аудан көлемінде елді мекендерді дамыту жұмыстары қарқынды жалғасатын болады. Біз әрбір ауылға көңіл бөлетін боламыз, - деді Ділдәбек Тәжібайұлы.
Сөз кезегін алған ауданның құрметті азаматы Қуан -Түсіпбеков ақсақал ауылдастарының бірқатар өтініш-тілектерін жеткізді. Сондай-ақ кездесуде тұрғындар тарапынан жер телімін алу, ауыл көшелеріне асфальт төсеу, электрик маманымен қамтамасыз ету, ауданға тіс дәрігерін шақыру, жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, өтініштер айтылды.
Әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған аудан басшысы Ділдәбек Оразбаев әрбір ұсыныс пен өтініш хаттамаға енгізіліп, алдағы уақытта тиісті жұмыс жүретінін айтты.
Аудан әкімімен кездесуге келген тұрғындарды әңгімеге тартып, кездесуден алған әсерлерімен бөлісуді сұраған едік.

Арман Ізғұтты, М.Әуезов атындағы орта мектеп мұғалімі:
- Туған ауылымыздың тағдыры мен болашағы маңызды болған соң осындай келелі кеңестер мен мазмұнды жиындарға міндетті түрде қатысамыз. Бүгінгі кездесу өзіме жақсы әсер қалдырды. Соңғы уақытта Көкпекті ауданында болып жатқан өзгерістер қуантады. Ауылдарды дамыту бағытында үлкен бетбұрыс бары анық. Ауылымызға былтыр жол салынса, биылғы жылы ішкі көшелер асфальтталатын болды. Бұл үлкен жаңалық. Жастар ауылда тұрақтап қалу үшін инфрақұрылым дамыған, барлық жағдай жасалған болуы шарт. Барлық жерлестерімді ауылымыздың болашағы үшін аянбай еңбек етуге шақырамын. Бірлік-берекеміз берік болсын!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз