Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биылғы жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес аудан әкімдерінің халықпен өткізетін кездесулеріне өзгерістер енгізілді. Енді аудан әкімдері тоқсан сайын тұрғындармен кездесіп, халықтың мұң-мұқтаждарын тыңдайтын болады. Осыған орай Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев елді мекендерді аралап, халықпен кездесулер өткізуде.
Халықпен кездесулерге аудандық мәслихат хатшысы Талғат Сарманов, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, аудандық полиция бөлімінің бастығы, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім мен мекеме-кәсіпорын, салалық қызмет басшылары қатысуда.
Аудан басшысы 13 қаңтар күні Биғаш және Тассай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.


Алғашқы кездесу барысында Биғаш ауылдық округінің әкімі Самат Кунафин былтырғы жылы атқарылған жұмыстар туралы есептік баяндама жасады. Ауыл әкімінің баяндамасымен танысқан тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Ауыл тұрғыны Қымбат Сатыбалдина аудан басшысы мен тұрғындар алдында «Ауыл әкімі жұмыс істемейді» деп ашып айтты. Оның сөзі бойынша Биғаш ауылында балаларға жаңажылдық мереке дұрыс ұйымдастырылмаған екен. Сондай-ақ тұратын көшесі қардан дұрыс тазаланбағанына шағымданды. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі шұғыл шешім қабылдап, барлық көшелерді қардан тазалау жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.
Сөз кезегін алған аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев ауыл тұрғындарына 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат беріп, ағымдағы жылы жүзеге асатын жобалармен таныстырды.
Ағымдағы жылы Биғаш ауылында бірқатар ауқымды жұмыстарды жүзеге асыру жоспарланған. Олардың қатарында ауылға ауыз су тарту, медициналық пункт ғимаратын салу, мектеп жанынан шағын орталық ашу, түңгі жарықтандыру шамдарын орналастыру жұмыстары бар.
- Биылғы жылы Биғашта атқарылатын ең үлкен жұмыс – ол ауыз су құбыры желілерінің құрылысы. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 556 миллион теңге қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта конкурстық шаралардың нәтижесінде құрылысты жүргізетін мердігер ұйым анықталды. Осы орайда ауыл тұрғындарынан құрылыс барысын қадағалап, сапалы жасалуын қамтамасыз ету үшін қоғамдық бақылау орнатуды ұсынамын. Жергілікті қоғамдық қауымдастықтың белсенді мүшелерін осы іске атсалысуға шақырамын. Ауылда атқарылып жатқан жұмыстардан әрбір азамат тыс қалмауы керек, - деді Ділдәбек Тәжібайұлы.
Биғаш негізгі мектебіне де көп көңіл бөлінбек. Мектеп терезелерін ауыстыруға мемлекеттік бюджет есебінен 36 миллион теңге қаражат бөлініп отыр. Сондай-ақ жылыту қазандығын ауыстыру бойынша ұсыныс енгізу туралы білім бөлімінің басшысы Аслан Танысбаевқа тапсырма берілді. Бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мақсатында толық күнді шағын орталық ашылады. Бұл кезек күттірмейтін мәселе.
Сонымен бірге кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан Қарғалы-Комсомол ауылдарына түңгі жарықтандыру шамдарын орнату, көлдетіп суғару жүйесін қалпына келтіру, ауылда мал сою алаңын ашу, өрт сөндіру көлігін жөндеу, жаңадан кәсіп ашуға жеңілдетілген несие алу, мемлекеттік бағдарламалардың игілігін пайдалану және жер мәселелері бойынша өзекті сұрақтар көтерілді.
Биғаш ауылының тұрғыны Болат Сәбитов аудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінде жарық көретін мақалалар сапасына көңілі толмайтынын жеткізді. Тұрғынның айтуы бойынша газет бетінде жазылатын мақалалар шындыққа сай келмейді екен.
Тұрғындар тарапынан қойылған барлық сұрақтарды мұқият тыңдап, барлығына жауап берген аудан басшысы Ділдәбек Оразбаев тиісті сала өкілдеріне тапсырмалар мен міндеттер жүктеді.
Кездесу соңында аудан әкімі ағымдағы жылы Биғаш ауылына ерекше көңіл бөлінетінін айтты.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз