Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Көкпекті, Самар ауылдарында дәстүрге айналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Онда аудан тұрғындары өңіріміз аумағындағы шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер өндірген азық-түлік тауарларын арзан бағамен сатып алуларына мүмкіндік жасалды. Бұл күні мал еті мен сүт өнімдерінің бағасы төмендетілді. Жәрмеңкеде сатып алушылар үшін ет өнімдерінің барлық түрлері қойылды және бірыңғай баға 1800 теңгеден сатылды.
Жәрмеңкеде 3 бітеудей сойылған ірі қара малдың, 3 бас қой еті қойылды. Аз уақыттың ішінде сатып алушылар жас етті қуана сатып алды.


Тоғай Зульфиевтің шаруа қожалығы ауыл тұрғындарын көкөністердің үлкен ассортименті - қырыққабат, сәбіз, қызанақ, қияр және тағы басқа түрлерімен қуантты. Мысалы, қырыққабаттың келісі -60 теңгеден, пияз – 90 теңгеден, қызанақ – 130-дан, бұрыш – 230-дан, картоп - 90 теңгеден ұсынылды.
Бастаушы ауылдық округі жәрмеңкеге 1 бітеудей сойылған ірі қара малдың , 3 қойдың етін және сүт өнімдерін әкелді. Құлынжон мен Миролюбовка округі де бір бітеудей сойылған ірі қара малдың етін, сүт, балық өнімдерінің, көкөністің әр түрін ұсынды.
Сатып алушылар үшін Мариногор ауылдық округі сөрелерге 2 бітеудей сойылған қой етін, «Фацелия» ШҚ балын сатылымға шығарды. Ұдайы ұйымдастырылып тұратын шарада жұмыртқаға деген сұраныс жоғары. Сондықтан, 30 теңгеден сатылған бұл тапшы өнімді жәрмеңкеге келушілердің көбі сұрады. Сонымен бірге үйдің сары майы мен қаймақ үлкен сұранысқа ие болды.
Ауылдардан жеткізілген азық-түлікті төмен бағаға сатып алған тұрғындар шараның дәстүрлі ұйымдастырылуына ризашылықтарын білдірді.
– Келесі жәрмеңкеге астық, жем сатқанын қалар едік, себебі бізде шаруа қожалықтары өте көп, - деп ауыл тұрғындары өз ойларын білдірді. Ал шаруа қожалықтарының басшылары халықтың сұранысына құлақ асып, қамбаларда жиналған астықпен бөліседі деп үміттенеміз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз