Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тамыз айының 28-і күні аудан әкімі Серікқазы Құсайынұлы Сәдуақасов жұмыс сапарымен бірқатар ауылдық округтерге  барып қайтты.

ШҰҒЫЛБАЙ
Жаңа әкімнің бұл жолғы іссапары Шұғылбай ауылдық округінен басталды. Ауылдың тыныс-тіршілігімен танысқан аудан әкімі елдің мұң-мұқтажын тыңдап, халық тарапынан қойылған сауалдарға мардымды әрі қанағаттанарлық жауап қайтарып отырды. Тұрғындарды мазалайтын мәселелердің бірі – мәдениет үйі. Серікқазы Құсайынұлы ол істі жақын арада жоспарға енгізіп, жұмыс жүргізетінін жеткізді. «Айта - айта ауыздары жауыр болған» ауданымыздағы аты шулы мәселелердің бірі – жол. Бұл жөнінде аудан әкімі «құрғақ уәдемен» құтылмай, жол мәселесінің өте ауқымды, күрделі жұмыс екендігін ашық айтты. Сол себепті жол жөндеу жұмыстарына көп уақыт кетуі мүмкін екендігін де жасырмады.


Серікқазы Құсайынұлына ауылдың әлеуметтік жағдайын қысқаша баяндап берген ауыл әкімі Аслан Танысбаев аудан әкімінің бірқатар тапсырмаларын алып, ұсыныстарына назар аударатындығын айтты. Халық алдында сөз сөйлеген Серік Құсайынұлы: «Әрбір ауыл тұрғыны өзім деп емес, елім-жерім деп еңбек етсе ғана біз биік белестерді бағындыра аламыз. Сондықтан әрқайсымыз ел мүддесі үшін, кемелді келешек үшін жұдырықтай жұмылып, жұмыс жасауымыз керек» деген болатын. Келесі кезекте, І.Жансүгіров атындағы орта мектепке ат басын бұрған аудан әкімі жаңа оқу жылына аяқ басқалы отырған мектептің жай-күйін бақылап көрді. Шешімін таппай жүрген бірнеше мәселелерге жауап алған ауыл тұрғындары енді жұмысқа орналасқан аудан әкімін жаңа қызметімен құттықтап, жемісті еңбек етуіне тілектес екендіктерін білдірді.
ТЕРЕКТІ
Одан кейін аудан әкімі ат басын Теректі ауылдық округіне тіреді. Серікқазы Сәдуақасов ауылға кіре бергеннен көздің жауын алатын жасыл алқап пен таза ауасы бар Теректінің табиғатына тәнті болды. Бірден ауыл әкімшілігіне табан тіреген жаңа әкімді жергілікті қоғамдық қауымдастық мүшелерімен қатар ауыл имамы ақ батасын беріп, қарсы алды. Тұрғындарға өзін таныстырған аудан әкімі өзінің жұмыс сапарының басты мақсаты елді мекендерді аралап, халықтың әлеуметтік жағдайларымен танысу екендігін атап өтті.
Қ.Аухадиев атындағы орта мектеп аудан бойынша осы жылы ҰБТ-дан 47 балл көрсеткен. Биылғы жылы 4 оқушы мектепті тәмамдап, бүгінгі таңда оның үшеуі грантқа оқуға түскен.
Теректі ауылдық округінің негізгі табыс көзі - егін және мал шаруашылығы. Аудан әкімі Теректі ауылдық округінде бала туу көрсеткіші өте төмен екендігіне назар аударды. Осы мәселеге байланысты жастарға жағдай жасалып, баспана мәселесі қарастырылуы керек екендігін айтты.

Қ.АУХАДИЕВ
Бұл ауыл тұрғындарының жаңа әкіммен таныстығы ауыл орталығында орналасқан Жеңіс саябағында өрбіді. Серікқазы Құсайынұлы халыққа өзін таныстырып, еңбек жолы жайлы қысқаша баяндап берді. Аудан әкімі ауыл тұрғындарына қазіргі пандемия уақытында сақтық шараларын сақтап, өзінің және жақындарының болашағына бейжай қарамау қажет екендігін басып айтты. Өзінің елді мекендерді аралап, халықпен жүзбе-жүз кездесіп жүруінің бір себебі ел көкейіндегі сауалдарға бетпе-бет жауап беріп, кемшіліктер мен артықшылықтарды көзбен көру екендігін атап өтті. Егер ауылдық округтердің тұрғындарында аудан әкіміне деген сұрақтар пайда болса, онда оны міндетті түрде ауданның ақпараттық порталына жіберуге болатынын ескертті. Осы орайда Преобреженка орта мектебінің директоры Гүлайым Батанқызы ауылдағы интернет желісінің нашар екендігін айтып, шағымданды. Ол жөнінде жақын арада тиісті шараларды қолданып, мәселені бір жақты қыламыз деп уәде етті.
Әкімнің жұмыс сапарының соңында Қ.Аухадиев ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрайымы Таисия Шнайдер әкімді жаңа қызметімен құттықтап, толағай табыстар мен асқақ абырой тіледі.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз