Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Үлкен күре жолдан алыс жатқан Мариногорка ауылында таңертең ертемен көшелерде тракторлар гүрілдейді, барлық жерде үйілген құм, саз балшықтар. Бұл округте «ауылдық аймақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес су құбыры желілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

- Қазіргі уақытта Зайсан қаласының «СМУ Шығыс» мердігерлік компаниясымен 9 км су құбыры желілері тартылуда. Жұмыстың аяқталуы келесі жылы қарастырылған, - дейді Мариногорка ауылдық округінің әкімі Қайдар Сәкенұлы Сурашев. – Бұл құрылыс жұмысына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығынан 3 адам жұмысқа тартылды. Жұмба және Мойылды ауылдарына блокты-модульді станциялар орнатылады.


Жалпы, ауылдық округте абаттандыру, санитарлық тазалау, арамшөптерден арылту жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілген. Ауылдық әкімшілік аумағында гүлдердің 20-дан астам түрі отырғызылған гүлзарлар бар. Сондай-ақ, балалар алаңы мен «Стрит воркаут» көше тренажері орнатылған, онда бос уақытында ауыл жастары демалады.
Мариногорка ауылдық округінің жерлері - ауданда дәнді және майлы дақылдардан мол өнім беретін құнарлы жерлердің бірі ретінде белгілі. Осылайша, округ шаруа қожалықтарымен 4 886 га бидай, 635 га арпа, 2334 га күнбағыс, 393 га тары егілді. Қазіргі уақытта арпаның орамы жүріп жатыр, қыркүйектің басында бидай жинауға кіріседі.
Атқарушы биліктің басты міндеті - ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту. Қайдар Сәкенұлының айтуынша, округте, кез келген басқа ауылдардағыдай, жалғызбасты қарттар, ерлі-зайыпты қариялар бар. Ауылдық округте әлеуметтік қызметкер болмаған кезде, әкімшілік мамандары ол кісілерге өздері қызмет көрсетіп, көмектесетін. Қариялардың үйлеріне барып, түрлі қызметтер көрсетеді, олардың денсаулығын, қал-жағдайын біледі.
- Біз оларды қиындықта қалдырмаймыз, мүм-кіндігінше қажетті көмек көрсетеміз, - дейді әкімдік қызметкерлері. Ия, қарт адамдарға көп нәрсе қажет емес, ең бастысы – көңіл бөліп, жылы сөз айтса, сол жетіп жатыр.

«НИВА» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНДАҒЫ БІР КҮН

Ауданда бір кездері бай және ең үлкен «Мариногорский» кеңшары тарағаннан кейін округ аумағында жеке шаруа қожалықтары құрыла бастаған. Олар жер телімдерін, пайларды, жа-йылымдарды алып, техниканы бөліске салып, әрқайсысы өз бетімен шаруашылық ашады.
Өсімдік өсірумен айналысатын осындай шаруашылықтың бірі – «Нива» шаруа қожалығы. Оны тәжірибелі ауыл шаруашылық саласының қызметкері, шаруа еңбегінің білгірі Иван Александрович Порохов басқарады.
Шағын шаруашылық жылдан-жылға тұрақты дамып келеді, материалдық-техникалық базасы жақсаруда.
- Бұл істі бастаған кезде жасыратыны жоқ, қиындықтар болды, бірақ біз бұл жолдан өттік, енді қиындықтар артта қалды. Қазір бізде жағдай тұрақты, шаруашылықтың жұмысы жақсы жүріп жатыр. Біз өз қаражатымызға 2 бірлік «КаМаЗ» автомашинасын, 2 астық жинайтын комбайн, 7 бірлік трактор сатып алдық. Техникаларға ангар салынды, - дейді Иван Александрович.
Шаруашылық дәнді және майлы дақылдарды өсірумен айналысады. Бүгінгі күні 40 гектар арпа жиналды, өнімділік өте жоғары емес, барлығы 12 ц/га. Шаруалар жаздық бидай жоғары өнім береді деп үміттенеді, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты егін жинау жұмыстары тоқтап тұр.
- Бидайдың өнімділігі арпаға қарағанда жақсы болады, - дейді Иван Александрович.
- Ауылда жұмысшы кадрлар табу мәселесі қалай? - деп шаруашылық басшысына сау-ал қойдық. Өйткені, бұл - ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы ауқымды мәселелердің бірі. Көптеген шаруашылықтарда механизаторлар мен жұмысшы күші жеткіліксіз.
- Ал бізде барлығы тамаша! - деді «Нива» қожалығының басшысы. - Бізде еңбекқор адамдар жұмыс істейді. Шаруа қожалығында 9 адам жұмыспен қамтылған, олардың арасында механизаторлар, жүргізушілер бар. Бір жұмысшының зейнетке шығуына 4 жыл қалды, қалғандары - жас жігіттер, ауылдың тумалары, Самар аграрлық-техникалық колледжінің түлектері. Олар - механизатор Костя Симоненко мен Артем Дронов. Дихандар әулеті, олардың әкелері өмір бойы осы шаруашылықта еңбек етеді. Ұлдары да әке жолын жалғастырып келеді деп айтуға болады. Барлығы жақсы жұмыс істейді, тапсырылған шаруаны жауапкершілікпен орындайды. Жыл сайын жұмысшыларды азықпен, отын-көмірмен, ай сайынғы жалақымен қамтамасыз етеміз, егін жинау аяқталғаннан кейін әрқайсысына 300 мың теңгеге дейін сыйақы береміз. Мысалы, жаңа оқу жылы басталар алдында, балалары бар жұмысшыларға, әрбір балаға 30 000 теңгеден көмек берілді. Техникалар жаңа, жігіттердің еңбек етуге деген ынтасы бар, жұмыстарын сапалы, тиісті деңгейде орындайды, колледж қабырғасында жаңа технология бойынша білім алғандықтан, оларға онымен жұмыс істеу қызықты.
Шаруа қожалық жұмысын жүргізумен қатар, Иван Александрович жұбайы екеуі екі сауда нүктесін ашқан, біреуі - Мариногорка ауылында, екіншісі - Жұмба ауылында. Дүкенде ауыл тұрғындарына күнделікті қажеттілікке қолданылатын тұрмыстық тауарлар қолайлы бағамен ұсынылады.

ӘРБІР АУЛА ИЕСІМЕН КӨРІКТІ

Қазір ауыл тұрғындарының көпшілігі бау-бақша отырғызу шаруашылығымен айналыс-пайды. Бір қуаныштысы - бау-бақша егіп, қора-қопсысын малға толтырып, өмірін ауылмен байланыстырған, туған жерге жан-тәнімен берілген адамдардың ауылда қалғаны. Ольга Сергеевна Зайцева мен оның жұбайы Юрий Алексеевичтің еңбекқор отбасы бұған айқын дәлел.
Біздің байқағанымыздай ерлі-зайыптылардың өмірінің негізі-еңбек. Юрий Алексеевичтің кез келген жұмысқа қыры бар, қолынан барлық іс келетін жан. Сондай-ақ, техникадан хабары бар, қосалқы шаруашылықта, өсімдіктерді күтіп-баптаудың бабын біледі.
Ольга Сергеевна – керемет үй иесі. Еңбекқор зейнеткерлердің шағын ауласында көптеген жеміс ағашының түрлері, жидектер, гүлдер бар! Олардың барлығы күтіп-бапталған, рет-ретімен орналастырылған. Мұнда өрімдері ауыр, кәріптас күлгін түсті жүзім, алтын түстес алма, физалис, крендаль, шие, мойыл және тағы басқа жеміс ағаштары бар. Бұның бәрі өзінің барлық махаббаты мен жанын сүйікті ісіне арнаған мейірімді иелердің жылуымен өсіріледі.
Ольга Сергеевна – білім беру саласының еңбек ардагері, 37 жылдан астам Мариногорка орта мектебінде ұстаз болған, ал Юрий Алексеевич - совхозда механизатор, жүргізуші болып жұмыс істеген. Ольга Сергеевнаның аулаға қойылған қолөнері көз тартады. Бұл жұмыстар қиял мен жан жылуынан жасалған.
Құрметті еңбек ардагерлерінің балалары Ресейде тұрады, олар ата-анасын сол жаққа көшіп келуге шақырады. Ауылдағы күнделікті өмірлері бірқалыппен өтіп жатыр.
Ольга Сергеевна бізбен бірге шаруашылығын көрсетті. Қысқа жинап, жасаған көкөніс, жеміс дайындамаларын көрсетті. Осы мүмкіндікті пайдаланып, біз салат рецептерімен бөлісуді, дәмді көкөністердің ассортиментін тұздауды сұрадық. Әрине, Ольга Сергеевна бізге өзінің рецептерін қуана берді.
Қоштасар уақытта біз ерлі-зайыптыларға денсаулық, ұзақ өмір тіледік және туған ауылдарынан көшіп кетпеулерін сұрадық.

ОМАРТАШЫНЫҢ ҚЫЗЫҚТЫ ЖӘДІГЕРІ

Мариногорка жерінде омарта шаруашылығы жақсы дамыған.Өткен ғасырдан бері Қалба тауының жотасынан бастау алатын омарташылық Маринагорка жерінде үзілмей жүргізіліп келеді. Тасбасты және Жұмба кезеңдерінің қойнауында атақты омарташы Александр Матвеевич Шаровтың ата-бабалары ара өсіріпті. Омарташы үйінің жеке бөлмесінде өз қолынан шыққан нағыз ара шаруашылығының мұражайы бар. Бұл жерде оның ата-бабаларының, Пацук отбасынан шыққан алғашқы омарташылардың фотосуреттері, жыл са-йын облыс орталығында өтетін дүниежүзілік бал фестиваліне қатысқаны үшін облыс басшыларының, ара өсіру шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін аудан әкімінің мадақтамалары, алғыс хаттары қойылған.
Шаровтардың бес баласының үшеуі - Максим, Александр және Татьяна әкесінің ісін жалғастыруда. Ұлы Максим Приморск аймағында ара шаруашылығын дамыту ғылыми зерттеу жұмысымен айналысады, ол, тіпті аралардың ерекше тұқымын өсіреді. Оған Батыс аймағынан делегациялар тәжірибе алмасу үшін келеді.
Александр Матвеевич ара шаруашылығымен өмір бойы, дәлірек айтсақ, 60 жыл айналысып келеді. Ол мол тәжірибесімен барлық қызығушылық танытқан адамдармен бөліседі. Омарташы Қ.Раев атындағы балалар үйінде еңбек еткен кезін ерекше жылулықпен еске алады. Осы мекеменің тәрбиеленушілері ара өсіру шаруашылығын Александр Матвеевичтан үйренгенін айтты.

 

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз