Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Кіндікті мен Көкпекті өзендерінің шұрайлы атырабында жатқан, қос өзеннің аңғарын қең құшағына басқан алып анадай Биғаш ауылы. «Елу жылда ел жаңа» демекші бүгінгі күні бұрынғы қалың малдың тұяғымен тапталған дала бетегесі ұйысып, аң-құсы көбейіп, тоғайы толып, орманы сыңсып тұр десек болады. Биғаш ауылын көргендер әуелі қомсынар болса да, аққан бұлақ пен жазира жайлауларын көргенде ішін тартып тамсанары анық. Тусырап жатқан жер біртіндеп игеріліп келеді. Бүгінде Биғаш ауылдық округі танаптары мың гектарлап жыртылып, егін себілуде. 

Аудан әкімі Асхат Смаилов ауылдың кіреберісіндегі осыдан елу жыл бұрын орнатылған «Көкпекті» кеңшарының «Биғаш ауылы» деп ағашпен жазылған белгі басында кездесу өткізді. Ауылдық округ әкімі Дулат Оспановтан мән-жайға қанып, отыз жылда жөндеу көрмеген мектептің ғимаратын аралап көрді. Былтыр ауыл тұрғындарын жұмылдырып атқарған жөндеу жұмыстарын көріп, биылғы жоспарланған жұмыстарды көріп, бірінші кезекте не істеу керегін айтты. Жылу қазандығы ғимаратын ықшамдап, қазандық тұратын жер мен көмір сақтайтын орынды қарады. Былтыр электр қуатымен жылытылған мектеп ғимараты биыл 2019-2020 оқу жылдарында көмір жағып жылытуға көшірмек. Мұндағы басты мақсат бюджет ақшасын тиімді пайдалану. Алдын-ала есеп бойынша электрмен жылытуға кететін қаржы екі есе үнемделмек. Мектептің бұрынғы басшыларының дәрменсіздігінен төбесінен еденіндегі тақтайына дейін шіріп кеткен спортзалын көргенде айтарға сөз болмады. Бүгінгі атқарылған жұмыс Спорт залының, жылу жүйесінің жөндеу жұмыстары уақытында аяқталатыны, мектеп басшылығының бүгінгі талапты, ширақ іс-әрекетінен танылды. Аудан басшысы Асхат Смаиловтың жас әріптестері Дулат Мұратұлы мен Архат Кабденұлына айтар ағалық ақылы «әр нәрсенің өзің үшін, елің үшін жасалып жатқан игілікті іс екенін білу және сезіну керек. Сонда ғана жақсы жетістіктерге жетесің.
Егінбұлақ ауылы тұрғындарын медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін медпунктке, дәрігерлер тұратын баспанаға ғимарат іздеген әкім, бұрынғы мектептің шеберханасын дәрігерлік пунктті орналастыруға лайық деп тауып, жөндеу жұмыстарын жоспарлады. Төбесі, сыртқы силикат қаптауы пайдалануға жарамды екен. Іргетасының беріктігі қабырғалардың қанша жыл бос тұрса қақырап кетуіне жол бермепті. Енді сол үй жөнделіп, бір жағына дәрігерлік пункт, бір жағына дәрігер тұратын баспана болып жөнделетін болды.


Аудан әкімінің бар мақсаты осы жөнделген жылы, таза спорт залда ауыл жастары мен балалары шулап ойнап жатса, басы ауырып балтыры сыздаған егінбұлақтық тұрғындар алысқа сабылмай. Ауылда емін алып, екпесін салып жатса, елге жайлы болар еді - деген мейірімді пиғыл.
Бұл жөнделіп жатқан мектеп, дәрігерлік пункт – бәрі де осы ауылдардың тұрғындары үшін. Таяуда ауылдарға тағыда оншақты отбасы көшіп келеміз деп отыр. Адам келсе, ауыл да, жер де оңалады. Сондықтан Биғаш ауылының берекесін кіргізетін әрбір іс-шараға кез-келген ауыл тұрғыны өзінің жеке басының шаруасындай қараса, «үй толы болса, ауыл толық» -деген ата сөзінің мәніде, мағынасы да ашылар еді дейді ауылын ойлаған жас әкім Дулат Мұратұлы.

Қайрат Бесбайыс

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз