Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Сәуір болмай тәуір болмас» деген ата-бабаларымыз, жер аяғы кеңіп, көктемгі шаруаның қызу басталар шағында ағаш отырғызып, айналаны абаттандыруға көңіл бөлген.
Ағымдағы жылдың 17 сәуір күні Сарыбел ауылдық округінде өткен сенбілікте жергілікті мекеме, мектеп ұжымы мен жоғары сынып оқушылары тазалық жұмыстарына бел шеше кірісті. «Жас өркен» көгалдандыру жоспар бойынша «Қайыңды» орман шаруашылығынан барлығы 85 түп қарағай, 70 түп қайыңды ағаш өсіру питомниктен әкелінген өскіндерді отырғызу жұмыстары жүргізілді.


Осы әкелінген ағаш көшетінен 50 түп қарағай, 30 түп қайың мектеп ауласына, әкімшілік ауласы мен жеңіс саябағына 50 түп қарағай, 35 түп қайың, ауылдық ФАП ауласына 5 түп қарағай, 5 түп қайың отырғызылды.
Қоршаған ортамыздың қауіпсіздігі, балаларымыз бен немерелеріміз ойнайтын алаңның тазалығына ауыл тұрғындары жұмыла ат салысайық. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деп өсиет еткен елдің ұрпақтары ағаш баптап, тал егуге талпынайық.


Мармалат Тайф, бас маман

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз