Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалады. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе?! Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталсын деген мақсатпен 14 желтоқсан күні Преображенка ауылдық клубында «Тәуелсіз ел - мәңгі ел!» атты мерекелік ісшара ауылдық клубының көркемдік жетекшісі Амангүл Серікбаеваның ұйымдастыруымен өтті.


Аталмыш іс-шараның шымылдығын екі бүлдіршін Гүлім Айдын мен Айым Айдын «Туған жер» әнімен ашты. Ары қарай сөз кезегі Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округінің әкімі М.Малғаждароваға берілді. Округ әкімі ауылдастарын мерекемен құттықтап және аудан әкімінің тапсырсымен аудандық мәслихат шешімі бойынша ардагерлер ұйымының төрағасы Т.Шнайдерге «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атты төсбелгісін тақты.
Арнайы қонаққа шақырылған Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі Н.Назарханов құттықтау сөзінде «Тәуелсіздік – ұлттың, тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. Қазақстан елін дамытып, одан әрі өркендеуіне басшылық етіп отырған ерекше тұлға, Елбасымызды біз мақтан тұтамыз!», - деп Н.Ә.Назарбаевқа арналған «Нұр аға» атты арнауын оқып берді. Көрерменнің ерекше қошеметіне бөленген Хумырбековтар отбасының «Беу айдай» әні және сынып жетекшісі М.Бекімованың 5 «А» сыныбының оқушылары дайындаған «Алға, Қазақстан!» атты флешмобы болды.
«Қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты» демекші, концертке ерекше ат салысқандар Айдын Хумырбек, Диана Ахметова, Айдын Айым мен Гүлім, Олжас Амиров, Қайрат Азинге ризашылығымызды білдіреміз. Концерт соңы Теректі ауылдық клуб меңгерушісі Дәурен Сәрсенбаевтың алып келген мектеп оқушыларының биші қыздары Айгүл мен Сая және Асылбек пен Тұрарбек атты әншілердің «Өз елім» әнімен аяқталды.
Концертке келеген қонақтар «Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін!» деп бір- біріне жақсы тілектерін білдіріп, жоғары көңіл- күймен тарқасты.

Амангүл Серікбаева,
клубтың көркемдік жетекшісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз