Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалды. Оң қолын көкірегіне қойып «Менің Қазақстаным» деп қосыла шырқаған тұрғындар Әнұран аяқтала қошеметтей қол соғып жіберді.
Мінберге көтерілген «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Сайраш Чалова өз баяндамасында «Елбасы жолына» көбірек тоқталды. Ауыл ақсақалдар алқасының атынан Әлімхан ақсақал, М.Әуезов орта мектебі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары М.Садықова және бұрынғы партия мүшесі Ш.Галиевалар Президент күніне арнаған құттықтауларын жолдап елін сүйген Елбасына, оның байтақ еліне арнаған алтын ғұмырының ұзақ болуын тіледі. Мерекелік құттықтаулар мен марапаттаулардан соң ауыл көркемөнерпаздарының Елбасы туралы, сонымен қатар елбасы шығарған өлеңдердің сөзіне жазылған «Шұбарат» сияқты патриоттық рухтағы ән жырлардан топталған концерті қойылды.


Өнер кенішінің сегіз қырлы майталмандары Біржан Байжұманов, Арай Елешева мен Шынар Малғаждарқызы, Алмаш Маханова сондай-ақ, «Сен үшін, Қазақстан» әнін шырқаған балғын өнерпаздарға жұрт риза болысты. Ғасырлар тоғысында туған халқының аманатын арқалап, дана ойымен биік парасатымен бас-тап жұмыр жердің атышулы алпауыт елдерінің қатарына қосуға асқан зор үлес қосушы бірден бір дара тұлға ол Елбасы бейнесі екені хақ. Кемеңгер басшының ел болашағы үшін жасатып жатқан игі істері, ұланғайыр даланы алып жатқан мемлекетіміздің табыс-ты болып, алға қарыштай қадамдауы ұлт көшбасшысының туған халқы үшін атқарған адал еңбегінің жемісі.
Сондықтан да қазақ елінің төл баласы ретінде болашаққа жол нұсқаушы көсеміміз, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құтты болсын деген ақ тілек жолдаймыз.


Катрен Байжұманов, клуб меңгерушісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз