Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Бірінші байлық денсаулық демей», - ме дана қазағым, яғни денсаулық адамның баға жетпес, аса қымбат құндылығы. Денсаулықты күту үшін бала кезден спортқа бейім болып, спортпен айналысып, денені шынықтырып, шынықсаң шымыр боларсың деген қағиданы әр адам өмірлік ұстаным етсе нұр үстіне нұр емеспе.


Міне осындай мақсатпен біздің Қ.Аухадиев атындағы орта мектебінде Астана қаласының 20 жылдығы және «Рухани жаңғыру жаңғыру аясында бокстан аудандық турнир өтті. Барлық қатысушы спортсүйер оқушылармыз өнерлерін өте жақсы деңгейде көрсетті деп зор қуанышпен айта аламыз. Соның ішінде алға ұмтылып, топ жарғандары қаншама. Енді бір ауыз жеңімпаздар жайында айта кетсем. 24 келі салмақта І орын З.Габдрахманов, II орын С.Габдрахманов, 28 келі салмақта III орын Н.Мұқашев, 30 келі салмақта IҰ.Мұқашев, 32 келі салмақта III-орын Д.Ескендір, 35 келі салмақ дәрежесінде I орын Б.Қызайұлы, 36 келі салмақта I орын М Манапов, 40 келі салмақ дәрежесінде I орын М Жалелов, 42 келі салмақта I орын Д.Арғынов, 44 келі салмақта I орын Е. Манапов, Ж. Әнуархан марапатталды. Осы жарысқа Көкпекті, Сарыбел, Преображенка және Қ.Аухадиев атындағы орта мектептері, №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командалары қатысты. Жарысқа келген қонақтарға Қ.Аухадиев атындағы орта мектеп директоры Талғат Шаймарданов, Теректі ауылдық округінің әкімі Қайрат Ахметқалиев, және Көкпекті №1 БЖСМ директоры Ержан Кәрібаев пен оқу ісінің меңгерушісі Қарлығаш Жабековақұттықтау тілектерін білдірді. Қай салада болсын жеңісті күндеріміз көп болғай.


А.Даирбекова,
Қ.Аухадиев атындағы
орта мектебінің тәлімгері

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз