Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бала деген – болашағы даланың
Бала деген қуанышы ананың
Егер бала тәрбие алса данадан
Биік шыңы адалдықтың, сананың
М.А. Шакирова
Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етудегі балабақшалардың ұстанымы бір, мақсаты ортақ, бала тәрбиесіндегі ерен еңбегі мол. Білімді, дені сау, елдің ертеңі, болашағы, Отан қорғар азаматы-бүгінгі бүлдіршініміз деп айтар болсақ, өз ұлтымыздың құндылықтарын алға қарай алып барушы, халықтың тілі, салт-дәстүрі, әдебиеті, мәдениеті сияқты ерекшеліктермізді жалғастыратын да-бүгінгі бұлдіршіндеріміз.
Үлкенбөкен ауылының балабақшасында бүгін мерейтой- 10 жыл! Балабақшамыз 2008 жылы ашылған. Балабақшада 3 топ қызмет атқарады.
Бұл балабақша 10 жыл бұрын қызметін бастаған кезде, ауланы көгалдандыру бойынша, асхана, кір жуатын бөлме, топтар мен жатын бөлмелер бойынша көптеген жұмыстар аяқталмайтындай болып көрінген еді.
Балабақша – ол баланың өміріндегі жаңа жолға бастар алғашқы қадам.
Сол алғашқы қадамды жасауға көмек көрсетіп жүрген адамдар жайлы айтпай кетпеске болмайды.
Жылы жүзділік, педагогикалық талант, шыдамдылық пен ақылдылықтың барлығы тәрбиеші мамандығының негізі болып табылады.
Тәрбиешілер балаларға қоршаған ортаның тылсым сырларымен, мәдени және рухани құндылықтарымен таныстырып, қоршаған ортаны ұнатып, сақтау қажет екенін үйретеді.
Мектепке дейінгі мекеме ұжымын А. Егеубаева басқарады.


Әр түрлі жастағы топтарда көп жылдар бойы тәрбиешілер – Х.Морданова, Г. Сүлейменова, А.Сикумбаева, Г.Бакибаева, Н.Серғазина, А.Ракишевалар қызмет атқарып келеді.
Сонымен қатар, тәрбиешілердің көмекшілері– М.Сүлейжанова, С.Сүлейменова, А. Қолдашева лар көмек көрсетіп жүреді.
Тәрбиеленуші балалардың музыкаға деген қызығушылығын оятып, ән айтуды үйретіп, тәрбиешілерге ертеңгілік өткізуге көмектесіп жүретін музыкалық жетекші М.Нұрғалиев қызмет атқарада.
Медбике Т.Абдрахманова балалардың дұрыс тамақтануы мен денсаулығын қадағалап тұрады.
Асхананың аспазшы мамандары А.Нұрғалиева мен А.Ракишева балаларды тәтті және пайдалы астармен тамақтандырады.
Мекемедегі ағымдағы жөндеу жұмыстарын еш ескертусіз жасап, қажетті азық түліктердің уақытылы жеткізілуін қадағалайтын шаруашылық жөніндегі меңгеруші – М.Нұрмағамбетова өз қызметін жауапты атқарады.
Балабақшада кір жуушы машинист Г.Заманбекованың арқасында әрқашан орамалдар мен төсек орындар таза қалыпта тұрады.
Мерейтойға орай мектеп акт залына көп қонақ жиналды. Мектеп ұжымы балабақша акт залына сахна перделерін, орта топ ата-аналары шаңсорғыш, 2 кіші топ ата-аналары шаңсорғыш, 1 кіші топ ата-аналары ойыншықтарды сыйға тартты. Мереке өте жақсы көңіл күйде өтті.
Мерекеге келген қонақтар, балабақша қызметкерлерін 10 жылдық мерейтойымен құттықтап, барлығына, балаларды тәрбиелеуде – шығармашылық табыс, денсаулық, бақыт, белсенділік, отбасыларында береке тіледі.

Г.Талқанбаева, Үлкенбөкен мектеп
балабақшасының әдіскері

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз