Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 10 қарашасы күні Теректі ауылдық округіндегі Қ.Аухадиев атындағы орта мектебінің спорт залында спорт ардагері Лекеров Жұмағазы Баяхметұлын еске алуға арналған волейболдан 50-ден жоғары жас аралығындағы турнир өтті. Өнегелі ұстаздарын еске алуға алыс-жақыннан оқушылары, әріптестері, жерлестері және туған-туыстары мен отбасы жиналды. Ж.Б.Лекеров еңбек жолын Қарағандыкөл ауылында дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалім болып бастаған.

1980 жылдардан бері Теректі ауылындағы Қ.Аухадиев атындағы орта мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып 41 жыл көлемінде ұстаздық еткен. Бала тәрбиесі жолында адал қызмет етіп, еңбегін сіңірген Жұмазы Баяхметұлы 2017 жылы дүниеден озған болатын. Бұл спорттық іс шараны ұйымдастыруда «Ұстаз ұстаз емес өз шәкірті үшін күймесе, шәкірт шәкірт емес өз ұстасын сүймесе», - деген сөзді ұран ғып ұстаған шәкірттері Семей қаласындағы №19 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Семей қаласының қыздар волейбол командасының жаттықтырушысы Қыдырбек Әбетаев пен Теректі ауылының әкімі Қайрат Ахметқалиевтің қосқан үлестері зор екенін айта кетуіміз керек. Сөз кезегінде Жұмағазы Баяхметұлының зайыбы мен ағасы осы іс шараның өтуіне ұйытқы болған ауыл әкіміне және Қарағандыкөл ауылының тумаларына ризашылығын білдірді. Турнирге жиналған командалар арасында өте тартымды ойын өтті. Спортшылардың тамақтануын өз міндетіне алған мектеп ұжымы жиналған жұртты тік тұрып, ақ пейілдерімен күтіп алды. Ойынға қатысып жүлделі орынға ие болған барлық командалар ойын соңында ақшалай сыйлықпен және осы турнирге арнайы тапсырыспен жасалған медальдармен, мадақтамалармен марапатталды. І орынды Самар командасы алса, ІІ орынды Қарағандыкөл ауылының тумаларынан құрылған «Семей» командасы иеленді, ал ІІІ орын Үлгілімалшы ауылының «Мамай» командасына бұйырды. Сонымен қатар, спорттық шараға қатысушылар аталымдар бойынша да марапатталды. Ауа-райының күрт бұзылғанына қарамастан, Семей қаласынан Жұмағазы Баяхметұлының әріптестері де келді. ҚР «Әскери-спорттық клубтар Федерациясы» ҚБ Семей филиалы кеңесінің мүшесі, Евразиялық техника-гуманитарлық колледжінің АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы Құрман Құсманұлы Тыштыбаев, Семей қаласы АӘД орталығы бастығының орынбасары запастағы майор Болат Анарбекұлы Құрманов, №8 жалпы орта білім беретін мектептің АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы Асқар Альмадиұлы Сүйіндіков, № 22 ЖОББМ АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы Ораз Өміртайұлы Көбелеков. Қазақстан Республикасының «Әскери-спорттық клубтар Федерациясы» қоғамдық бірлестігі Семей филиалы атынан Қойгелді Аухадиев атындағы орта мектеп ұжымына кубок табыс етті.
Осындай ел азаматтарына ұрпаққа үлгі болатындай жасаған игі істері үшін алғыс айтамыз. Арамызда үлгі тұтар азаматтар көптеп табылса екен деп тілейміз.
Теректі ауылдық округінің ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз