Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімінің ауылдарды абаттандыру бойынша тапсырмасымен әр ауылдық округ сібір шыршасын әкеліп, оны отырғызу жұмыстарын жүргізді. Көкжайық, Аққала және Қойгелді Аухадиев атындағы, Үлгілімалшы ауылдық округтерінде шырша көшеттерін отырғызу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілді. Акцияға қатысушы барлық азаматтар аса белсенді қимыл танытты.
8 жылдық шыршалардың биіктігі 1 метр-ден жоғары екен. Көшет отырғызуға әрбір ұйым жұмыла қатысты. Қойгелгелді Аухадиев атындағы ауылдық округінде барлығы 350 шырша көшеті отырғызылса, ал Аққала ауылдық округіне Катонқарағай ауданындағы ұлттық парк аумағынан әкелінген 220 түп сібір шыршасының көшеті әкімшілік ғимаратының алдына, Жеңіс саябағына, Октябрь мектеп-балабақша кешені алаңына, Жана-Жол, Қараөткел мектептерінің маңайына отырғызылды.


Бұдан бөлек, Көкжайықтықтар да игі істен қалысқан жоқ. Жалпы, көшет отырғызу акциясына ауылдық округ әкімшілік қызметкерлері, мектеп, балабақша ұжымдары белсенді түрде атсалысты.Ал, Үлгілімалшы ауылдық округіне Катонқарағай ұлттық паркінен арнайы 120 түп шырша жеткізілді. Ауылымыздың жастар саябағына 30 түп шырша, Мамай ауылының Аманкелді орта мектебіне 80 түп шырша отырғызылды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей ауылдың көркеюіне ат салысып жүрген ауыл тұрғыны Нұрбек Тұраров және белсенді жастарымыз Д.Тлеумбетов, С.Солтанбеков, М.Назкеев сынды азаматтар қол ұштарын созды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз