Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бастаушы ауылдық округінде Халықаралық Қарттар күніне арналған ауқымды іс-шара өткізілді. Аудан әкімі А.Смаиловтың берген тапсырмасы бойынша ауылдық клуб ғимаратының бір бөлмесі ардагерлерге арналып, күрделі жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге Б.Рапеков, Е.Дюсупов, Е.Мамбетов округтегі ірі шаруа қожалық басшылары демеушілік көрсетті. Салтанатты жиын ауылдық округ әкімі А.Отаршинаның құттықтау сөзімен басталды.

Сондай-ақ, біздің ауылымызға ат басын бұрған Көкпектілік ақын Манарбек Ақанұлы қазыналы қарттарымызға, ақ жаулықты апаларымызға өз өнерін көрсетті. Ауылымыздың белсенді қариялары ауылдық округ әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты жиыннан соң ардагерлер бөлмесінің ашылу салтанаты өтті. «Асыл мұра» клубының әжелері шашу шашып, Абай орта мектебінің ұжымы апа-аталарымызға арнап мерекелік дастархан жайды. Дастархан басында қарттарымыз көңілді әңгіме өрбітіп, ескі әндер шырқады. Ауылдың алты аузынан айтыс ұйымдастырылды. Көңілді отырыстың соңы осы шараны ұйымдастырушыларға алғыс, тілектер айтып, бата берумен аяқталды.
Бастаушы ауылдық округі ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз