Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне ардақты да аяулы қарттарымыздың қосқан үлесі зор. Қарттар күні - саналы ғұмырларын Елім деп, тынымсыз еңбектерімен тәуелсіз мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі деп білеміз. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Үлгілімалшы ауылдық округінде 1 қазаннан 1 қараша аралығында қайырымдылық айлығын өткізу бойынша жоспар құрылып, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді. Үлгілімалшы ауылдық округі бойынша қазан айында қарттар мерекесімен тұспа-тұс ауылдың кіре берісіне округ әкімінің басшылығымен арка орнатылды. Арканың дәнекерлеу жұмыстарын Серік Мендығұлов пен Айдын Исанов жасады, ауылдың басқа да азаматтары мен жастарының көмегімен ауылымызда бір игі іс атқарылды. Арканың ашылу салтанатына ауыл үлкендері шақырылып, рәсім бойынша лентаны ауылдың ақсақалдары Құмарбек Ибраев пен Советқан Асқаров ақсақалдарымыз қиып, Мамай ауылының ақ жаулықты әжелері шашу шашты. Ауыл тұрғындарының ауыз біршілігі мен берекесінің көрінісін көрсетіп, ауылдың алты ауыз әнімен салтанатты ашылу рәсімін нұрландыра түсті.


Мерекелік іс – шараның екінші бөлімі ауылдың қазыналы қарттарына арнайы жайылған ақ дастарханмен және мерекелік ән-шашумен жалғасын тапты. «Самур» ШҚ демеушілігімен жайылған дастарханға 4 елдімекеннің үлкендері жиылып, қазыналы қарттарымыз бірін - бірі көріп, ел амандығын сұрасып, мәре– сәре болды. Жиылған қауымға ауыл азаматы, музыканты Бақытбек Байтұновтың әнші шәкірттері мерекелік ән шашуларын тарту етті. Округ әкімі Мерей Нығметжанұлы ақ дастарханға жиналған асыл қарттарымызға құттықтау лебізін білдірді. «Ақылды қария - ағып жатқан дария» деп тегін айтпаса керек. Имандылық. ұрпақ тәрбиесі, ауылдың береке-бірлігі тілге тиек етілген, баталы тілектер айтылған, әсем ән шырқалып, көңілді би орындалған өнегесі мол, маңызы зор мерекелік іс – шара болды. «Ақ батамен ел көгерер» демекші бірнеше сағатқа созылған мерекелік дастарханды сексенді еңсерген Құмарбек Ибраев атаның ақ батасымен тәмамдадық. Сол күні мерекелік іс-шарадан кейін ауыл әкімі Мерей Смағұлов көп балалы ана К.Үзікбаева, Ш.Омарова және тыл еңбеккері К.Қалықова апалардың үйіне барып құттықтап құрмет көрсетті. Қайырымдылық айлығына мектеп оқушыларынан тұратын «Тимуровшылар».командасының «Қолғанат» және «Жас өркен» топтары да қалыс қалмай, еңбек ардагерлері Марат Сүюндіков мен Советқан Асқаров аталардың үйіне барып, отын жарып, маңайларын тазалап көмек көрсетті.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше. Жастарымыздың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіретін, үлкенді сыйлауға, өз ата-бабасын ұмытпауға және олардың салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелейтін қарттарымыз әрдайым аман болсын!


М.Мұратқанқызы,
клуб меңгерушісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз