Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Әдет-ғұрып, ырым-тыйым, жөн-жорал-ғыларымызды жадына тоқыған ата-әжелеріміз асыл қазына – кемел кітап сынды. Кеуделері шежіреге толы қарияларымыздың қадірін біліп, бағасына жете білсек ата-салттан ажырамағанымыз шығар. Жылына бір келетін Қарттар күнінде тақиялы аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің жүзінде шуақ ойнап, көңілі шалқып, мерейі тасып қалады.


Биғаш ауылдық округінде 1-қазан Халықаралық қарттар күні аталып өтілді. Ауыл қарттарына арналып ауылдағы білім ордасы В.Маяковский атындағы негізгі мектеп оқушыларының ұйымдастырумен мерекелік концерт қойылды.
Мерекелік кеште округтің дамуына ұзақ жылдар еңбегі сіңген зейнеткер Рауия Алпысқызы Наурызбаева, ауыл әкімі Дулат Оспанов, мектеп директоры Архат Қабденов қарияларға жылы лебіздерін білдірді.
Сондай-ақ, қартарымызды мерекелік кешін өткізуге демеушілік көрсеткен атымтай жомарт жандар Владимир Виничук, Азамат Каликов, Өмірбек Серікбаев, Александр Шынтеміров, Серік Қалиев, Медет Әкежановқа округ әкімшілігі атынан алғысымыз шексіз.

Биғаш ауылдық округінің ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз