Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Палатцы ауылдық округі бойынша сенбілік ұйымдастырылып өткізілді.
Сенбілікке әкімшілік, мектеп кызметкерлері, және ауыл жастары белсенді қатысты.
Өткізілген сенбіліктің мақсаты - ауыл аймағын тазалау, ауыл көшелерін тазалау, жұртшылық назарын ауыл көшелеріндегі тазалық сақтау мәселесіне көңіл аудару және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Ауылдық округ ауласын көріктендіру бойынша жұмыстар жалғасуда.


Палатцы ауылдық әкімдігі

ЖАРҚ ЕТКЕН ЖАС ҒҰМЫР

Денис Тен 1993 жылы маусым айының 13-і күні 25 жасқа толған туылған күнін атап өткен еді. Алайда сұм ажал атағы жер жарған мұз королі атанған алтындай ұлымызды арамыздан алып кетті. Денистің мезгілсіз дүниеден өтуі қазақ жұртшылығының қабырғасын қайыстырып ауыр күйзеліспен қабылдаған еді. Өскелең ұрпаққа үлгі бола білген өнерімен бүкіл әлемді таңқалдырған көркем мінезді, жанашыр, ақ көңіл, еңбекқор өз елінің патриоты бола білген жарқын жүзді Денистің бейнесі мәңгі өзі сүйген елінің есінде сақталмақ. Көк мұз құлата алмаған Денисіміздің денесін қара жерге құлатқан қарақшылардың жазасын заң бергенімен, мәнерлеп сырғанаушы мұзбалақты маңдайға біткен өнер иесін қайтарып бере алмасы анық.
Өзінің аз ғана ғұмырында ерен еңбек атқарып, қазақты бүкіл әлемге танытып, елдің сүйіктісіне айналған Денистің орын да өнері де бүгінде ойсырап тұр.
Бұл өлең жолдарын Денистің аруағына бағыштадым. Тума талант иесінің өлімі мен үшін шыныменде ауыр тиді. Әр қазақ менің жалғызым демекші Денисте жүрегі қазақ деп соққан қазағымның бірі болды десем артық айтпағаным болар. Денис Теннің өлімі қазақ жұртшылығына әлі де беймәлім жұмбақ болып қалды.
Сұм ажал келіп арбады - ай,
Маңдайға біткен ботам - ай.
Қалайша болды, қалайша,
Ажалдың келіп қалғаны - ай.
Ерлігін жатыр асқақтап,
Елің қалды ау зар қақсап.
Сендей асыл бір туар,
Ғасырды ғасыр жыл тастап.
Қырағы көзді қарағым,
Ажарлы еді ау сенің жанарың.
Мінезі көркем ер тұлғам
Сағына еске аламын.
Жұлдыз Самигулина,


Шәріптоғай негізгі мектебінің
педагог-психологы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз