Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

9 мамыр күні Үлкенбөкен ауылында Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 73 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Округ мекемелерінің ұжымдары Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.
Ұлы мерекенің мәнін терең түсініп, соғыстан қайтпай қалған ерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алып, арамызда жүрген жалғыз соғыс ардагері Семен Михаилович Винников және тыл еңбеккерлеріне мектеп оқушылары гүлдерін ұсынды. Үлкенбөкен ауылдық округі әкімі аппаратының атынан бас маман К.Байтасова мерекеге келген ардагерлерді, қонақтарды құттықтап, салтанатты түрде Николай Иванович Керенцевқа әкесі Иван Гаврилович Керенцевтің қайтыс болғаннан кейін, ерлік істері үшін «Кеңес Одағының батыры» атағы беріліп, куәлігі (Ресей Федерациясының президенті В.Путин қол қойған) тапсырылды. Үлкенбөкен ауылындағы ерекше режимдегі мектеп-интернат директорының орынбасары М.Сейтказин, орман шаруашылығының басшысы Р.Жакупов, дәрігерлік амбулаторияның жалпы тәжірбиелі дәрігері З.Атиманова ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтап, ізгі тілектерін арнады.


Мектеп оқушыларының әдеби – музыкалық сәлемі жиылған қауымның көз алдына отты жылдарды елестетіп, көздеріне жас ұялатты. Үлкенбөкен ауылының «алтын дауысы» Дулат Манарбекұлы «Журавли» әнін орындап, көрермендердің көңілінен шықты. Ерекше режимдегі арнайы мектеп-интернат ұжымының атынан М.Алдабергенова, М.Атиев ән салып, мектеп ұжымының жас мұғалімдері би билеп өз өнерлерін көрсетті. Мереке соңында соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлері әкімшілік ғимаратына дастарханға шақырылды.


Айжан Сүлейменова,
Үлкенбөкен ауылдық округінің жетекші маманы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз