Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бір шаңырақ астында халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасуда. Тіршілік түрлене түлейтін жайдарлы шақта мерейлі мерекелердің бірінен соң бірінің келуі үміт пен сенімнің сабақтастығын білдіреді. Бүгінде мемлекеттік салиқалы саясаттың арқасында ел аумағында жүзден астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Қазақстан халқы Ассамблеясының берекелі шаңырағына топтасқан этностар қашанда елдігімізді танытар игі бастамаларға қолдау білдіріп, ырысты ынтымағымыз бен берекелі бірлігімізді бекемдеу жолында жүйелі әрі үйлесімді жұмыс істеуде. Елімізде этностардың ана тілі мен мәдениетін сақтауға лайықты жағдай жасалған.


Бұл мерекелі күні этномәдени бірлестіктер біріккен этностардың тілі, салт-дәстүрі және мәдениеті күндерімен жалғасып, бейбітшілік бейнесін орнықтырып келеді. Бірлік еліміздің саяси-экономикалық тұрақтылықтың басты әрі негізгі кепілі. Бағындырған белестеріміз бен жеткен жетістіктеріміз ауызбіршілік пен шынайы түсініктің жемісі. Қазақ халқынының даналығы, кеңдігі мен сыйластығы этностық тегіне, әлеуметтік, діни және де шығу тегіне қарамай, береке-бірлікпен тіршілік етуде. Көп ұлттардың тұрағы мекені болған Үлкенбөкен ауылында әр ұлт өкілдері тұрады. Ауылымызда тұратын көп ұлт өкілдерінің қатысуымен мерекелік іс-шара өткізілді. Әр отбасына, барлық қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Ж.Оспанова, Үлкенбөкен ауылының
кітапханаша меңгерушісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз