Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тассай

Төрт түлікті тірлігіне арқау еткен Тассайлықтар қыстың қамын жаз ойлап пішенін маялап қорасын жайлап, ашасын сайлап алған. Көл жағасын мекен еткен дырдуы мол, әмияны қалың балықшы ауылына көмір керуені де толассыз келіп жатады. Аулымыздағы жағымды бір жаңалық округ әкімі Ержан Құдайбердіұлының іскерлігімен Омск- Майқапшағай тас жолының Тассай елді мекеніне бұрылатын жол айрығына «Тассай ауылын» айшықтайтын айдарлы белгі «арка» қойылып, ауылдың дәл ортасынан шағын футбол алаңы салынды.


Сары күздің соңғы аптасында Ұлы Отан Соғысы құрбандарына арналған ескерткіш сая-бақтың қоршауы жаңартылып, Марат Қазымов пен Марат Қалықов сынды Тассайдың төлтумалары арнайы ат басын бұрып, батыр бабалардың мәңгілік мекеніне айналған саябаққа, Аллаһтың үйі «Бөдес баба» мешітінің гүлзарына, сонымен қатар, тарыдай ғана кезінде зердесіне алғаш білімнің нәрін құйған алтын ұя мектебінің спорт алаңына да жүзден аса мәңгілік жасыл түсті ағаш шырша-самырсын әкеліп, «еліміз осы жасыл шыршадай мәңгі көгере берсін» деген ізгі ниетпен, ауылдас ағайынымен қосылып, көп болып көшет отырғызды. «Қазынақұрылыс» атты ЖШС Сауда құрылыс компаниясы (құрушысы әрі директоры С.Мұхамадиев) ауылдық мәдениет ошағының жөндеу жұмыстарын жайырақ басталғанымен, қыс ызғарынан ықпай, қатты қарқынмен жүргізіп, бөлінген үш жарым миллион мөлшеріндегі қаржыны орнымен игеруде. Сәтін салса, қарашаның жиырма бесінші жұлдызында тапсырушыға нысанды табыс етпекші.


К.Байжұманов,
Тассай ауылы

Үлгілімалшы

Үлгілімалшы ауылдық округіндегі «Қалмұхжом-Ахмет» шаруа қожалығының егістік көлемі - 1930 гектар, шаруашылықта егін жинау толық аяқталды. Шаруа қожалығы биылғы қыстамаға 2050 тонна шөп дайындады. Округ тұрғындары қысқы мал азығын толық дайындады.
Ауылдық округтегі қалған шаруашылықтар да қыстамаға толық әзір.
Қыс айларындағы от жағу маусымына дайын-дық та тыңғылықты жүргізіліп, дәрігерлік амбулатория, Абай атындағы орта мектеп-балабақша кешені толықтай көмірмен қамтамасыз етілген. Қазіргі күні температуралық режім қалыпты жағдайда.
Ынтымағы жарасқан ауылдағы мекемелер «Асар» қоғамдық қорына 87 мың теңге қаржы аударды. Үлгілімалшылықтар Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын лайықты қарсы алуға бір кісідей атсалысуда.

Үлгілімалшы ауылдық
округінің ақпараты

Үлкенбөкен

Үлкенбөкен мектеп балабақша кешеніне 2016-2017 жылға 580 тонна көмір қажет. Қазіргі күні «Сүлейменов» ЖК 423 тоннасын жеткізді, яғни бұл 73% пайызды құрайды.
Ауылдық округте 480 үй бар, соған 2425 тонна көмір қажет деп есептеледі. Бүгінде ауыл тұрғындары 1440 тонна көмірмен қамтылды. Жеке кәсіпкерлер Талғат Шпекпаев, Ержан Увалиев, Әділет Богубаев ауыл тұрғындарын көмірмен қамтамасыз етуде. Дәрігерлік амбулатория 100% қысқа дайын.
Егін даласында да жұмыс аяқталып шаруа қожалықтары жаздайғы төккен терлерін ысырап етпей, егіндерін орып, жинап алған, ауа райының қолайсыздығына қарамастан шаруа қожалықтары күнбағысты жинап болды.
Қыс айларында ауыл көшелерін қардан та-залауға «Надежда» шаруа қожалығының басшысы С.Пановпен келісімшарт жасалды.

А.Сүлейменова,
жетекші маман

 

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз