Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптада ауданның бас имамы Нұр Нәсір Дүйсен Белое ауылындағы Октябрь мектеп-бала-бақша кешенінің оқушыларымен кездесіп, тағы-лымды әңгіме өрбітті. Өскелең ұрпақты иман-дылыққа баулыған келелі кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаев қатысты. Кездесу мақсаты жасөспірімдерге дін туралы жан-жақты түсінік беру, оларды діни түрлі жат ағымдардан сақтандыру.


Оқушылармен емен-жарқын жүздесуде ауданның бас имамы Нұр Нәсір Дүйсен Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасымен таныстырып, ислам дінінің асыл құндылықтары, білім алудың пайдасы жайында егжей-тегжейлі баяндады. Нақтырақ айтсақ, ислам дініндегі парыз, сүннет, уәжіп, мұстахаб секілді амалдарды шәкірттерге жете түсіндіріп, жамандықтан жиреніп, жақсылыққа шақырды. Мәселен, макрух амалдарына жататын құмар ойын ойнау, ата-анаға қарсы шығу, темекі шегу, насыбай ату секілді жаман әдеттен аулақ болуға үндеді.
- Алла тағала білімдеріңізді арттырсын! Білім алу, ілімді артыру ислам дінінде ең ізгі амалдардың қата-рына жатады. Тіпті судағы балықтар да Алла таға-ладан білім жолындағы адамдарға жақсы дұға жасайды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) «Қытайда болса да білім алыңдар» деген хадисі біздерге ой салу қажет. Сондай-ақ, ата-ананы құрметтеу, ұстаздарды сыйлау, үлкенге – құрмет, кішіге ізет көрсету, туған-туыс, жақындарға жәрдемші болу секілді ізгі амалдар жасауға асығыңыздар, - деді ауданның бас имамы.
Оқушылар көкейде жүрген сауалдарын дін өкіліне қойып, толыққанды жауаптар алды. Сонымен қатар, ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Назарбекұлы ислам дінінің өзіндегі түрлі жат ағымдар туралы мазмұнды әңгімелер айтып, оқушылардың ой-түсінігін кеңейтті. Жат діни ағымдар туралы және оқыған діни қызметкерлер мен вахабистердің айырмашылығы жайлы, кейбір адасып жүрген адамдар жөнінде де түсініктер берді. Жүйелі сөзбен, терең толғана жеткізілген мәліметтер оқу-шылардың діни сауатын ашуға ықпал еткені анық.
Ауданның бас имамы Нұр Нәсір Дүйсен алдағы уақытта ауданның барлық ауылдық округтердегі орта мектептерде жоғары сынып оқушыларымен осындай кездесулер өткізіп, жасөспірімдердің діни сауаттылығын арттыруды жоспарлап отыр.


Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз