Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгінде береке-бірлігі жарасқан айрандай ұйыған Сүлеймен ауылында барлығы 30 жанұя тұруда. Ауылдың еңкейген қарттары мен жүгірген баласына дейін жаны жайсаң, кішіпейіл, қонақжай, қоғамға жақсылық жасауға дайын тұрғындары ауылдың береке-бірлігін көрсетіп, игі іс жасады. Нақтырақ айтар болсақ, ескі мектеп ғимаратын ауылдағы өтетін жиындар мен мерекелік іс-шараларға арнап жөндеу жұмыстарын жүргізді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, ауылдың жастары, жас жанұялар орта буын ағалардың қолдауымен өз қаражаттарына ескі ғимаратты кеңейтіп, сылап-сырлап, ішіне пеш салып, қалыпқа келтірді.


Үлгілімалшы ауылдық округі Сүлеймен ауылының тұрғындарын бұл қуаныштарына ауылымыздың әкімі М.Смағұлов құттықтап алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етіп, жылы лебізін білдіріп қайтты.
Шағын ауылдың берекесін арттырып, жұдырықтай жұмылып басқа ауылдың тұрғындарына үлгі боларлықтай іс тындырған ауыл тұрғындарына алғысымыз шексіз. Әркімнің өз жері, өз елі өзіне көркем демекші, ауылдарымызға қамқор болып, ауылымыздың тынысын кеңейтуге, көркейіп гүлденуіне атсалысайық, ағайын.


М.Мырзабекова, клуб меңгерушісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
           

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз