Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Патриотизм - әр азаматтың ұлтын, Отанын сүю деген мағынаны береді. Қазір бұл ұғымның аясы кеңи түскен. Мәселен, әлемдік деңгейде оны бейбітшілік пен тыныштықты сақтау мәселесі тұрғысынан да қарастырып жүр. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында маңызды бағыттардың бірі ретінде жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруды атап өтті.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы білім және ғылым қызметкерлерінің 2 съезінде «Қазақстан азаматтарының отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі орталықтарында, барлық білім беру ұйымдарында көкейкесті мәселе болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу- мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы»- деп айтқан болатын. Жалпы, отансүйгіштік сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесінен бастау алып, өсе келе мектепте әрі қарай дамып, жүзеге асады. Сондықтан орта мектептің бағдарламалары ұлттық және елжандылық мүддесіне қызмет ететіндей мазмұнды болуы қажет. Мұндай патриоттық тәрбиелік жұмыстардан біздің ауданымыз шет қалып жатқан жоқ.

Өткен бейсенбі күні Көкпекті орта мектебінің мәжіліс залында, «Жастар - Отанға» жобасы негізінде «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы және «Жас Отан» жас-тар қанатының ұйымдастыруымен «Болашақ сарбаз» атты семинар болып өтті. Семинардың мақсаты жас ұландарды отансүйгіштікке, адамгершілікке, азаматтық-патриоттыққа, төзімділікті арттыру, дене шынықтыру, жылдамдыққа тәрбиелей отырып, жастарды әскери борышын өтеуге даярлау. Семинарға аудан мектептерінің АӘД пәні мұғалімдері, Үлкенбөкен ауылдық округінен «Намыс», Үлгілімалшы ауылдық округінің «Сарбаз», Л.Фахрудинов, М.Қалматаев атындағы әскери-спорттық клубтардың ұландары, арнайы шақырылған қонақтар, әскери адамдар қатысты. Семинардың шымылдығын ашқан «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Г.Ақшабаева:
- Құрметті семинарға қатысушылар, оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі ұрпақ – болашақ ел тірегі, ел қорғаны. Бойында ұлтжандылық сезімі бар тұлға Отанын қорғай білуі, өз елінің жетістіктеріне мақтана білуі, мемлекеттік рәміздерді құрметтей білуі тиіс. Елін сүйетін адам қалыптастыру мақсатында өткізілетін іс-шаралардың да маңызы зор. Бүгінгі аудан мектептеріндегі, әскери-спорттық клубтармен бірге өтетін «Болашақ сарбаз» семинарын ашық деп жариялаймын, - деп, клуб мүшелеріне сәттілік тіледі.
Сонымен бірге, семинарда Көкпекті орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Х.Мұқатаева, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы А.Рахымбаев, құттықтау сөз алды.
Аталмыш семинардың келесі бөлімінде әскери-спорттық клубтар арасында сайыс болды. Сайыс басталмас бұрын «Арлан» әскери-спорттық клуб жетекшісі Ә.Артықпаев жас ұландарға патриоттық тәрбиенің маңыздылығы жайлы аз-кем тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бар күш жігерлерін жинап, денелерін шынықтырып, сынға түсуге аудандық, ауылдық округтерден барлығы 4 әскери-спорттық клуб қатысты. Сайыс қорытындысында 1 орын Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің М.Қалматаев атындағы әскери-спорттық клубы, 2 орын Көкпекті орта мектебінің Л.Фахрудинов атындағы әскери-спорттық клубы, 3 орынды үлкенбөкендік «Намыс» клубы місе тұтса, үлгілімалшылық «Сарбаз» әскери-спорттық клубы белсенділігі үшін марапатталды.
Қазақ халқы – намысты қолдан жібермеген ержүрек, батыр халық. Батыр халықтың ұрпағы екенімізге мақтана отырып, ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық дәстүрімізді жалғастыру, «Отан үшін жан пида» деген аталы сөзді ұлықтау – біздің басты мақсатымыз.


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз