Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тассай ауылының тұрғындары 6 мамыр күні ауыл орта-сындағы ескерткіш тақта орнатылған баққа ағыла бастады. Кеудесінде орден, медальдары бар тыл ардагерлері, көп балалы «Ардақты ана», жаңа отау құрған жас отбасы, оқушылар мен ұстаздар қауымы, ауылдық мешіт имамы, яғни барша қауымның жиналу себебі де түсінікті. Бұл күні «Нұр Отан» бас-тауыш партия ұйымы, ардагерлер мен партия мүшелерінің, «Жас Отан» жастар қанаты қатысуымен, жергілікті әкімшілікпен бірлесе отырып жоспарлы түрде «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы бойынша тыл ардагерлерімен кездесу жоспарланған.


Кездесуді партия мүшесі, ауылдағы өнер тарланы, клуб үйінің меңгерушісі Катрен Қапсадықұлы кіріспе сөзбен ашып, ауыл тұр-ғындарына көптен күткен игі іс - ескерткіш тақтаның жаңартылып, өңделіп, заманауи салтпен қайта жөнделгенін, бұл істе барша ауыл тұрғындарының үлесі болғандығын атап өтті.
Ескерткіштегі мемориал мәрмәр тасқа майданнан оралмағандар және бейбіт еңбекке араласқан соғыс ардагерлерінің есімі ойып жазылған. Бұл істі ауылымыздың төл тумасы Марат Каликов өз қаражатына орындаса, ардагерлер жайлы нақты мағлұмат жинап, толықтыру ісін М.Садықова, Г.Бопабаева, Г.Камзина сияқты тәжірибелі ұстаздар, ескерткішті өңдеу, орнату, жеткізу шараларына ауылдағы кәсіпкерлер Қ.Тлебалдин, Ж.Ибрагимов, А.Оразбаев, Қ.Мұқанов, Б.Әзімбаев, Е.Бопабаев және тағы басқа да ауыл азаматтары өз үлестерін қосты. К.Абдрахманова, С.Далбин, М.Оразбаев, Д.Изгуттинов, А.Беккожин ескерткішті салтанатты ашу барысында партия ардагері, ауданның құрметті азаматы Қуан Түсіпбеков пен ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әлімхан Бөкенбаевтарға лента қию рәсімі ұсынылды. Ескерткіш алдында құттықтау сөз айтқан Қуан аға өзінің ауылдастарына жүрекжарды алғысын айтты.
Жиынға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары А.Әкімова өз сөзінде ардагерлерді мерекемен құттықтай келе, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлкеттердің отыздығына кіруі жөніндегі Елбасы ұсынымына сай алдағы мақсат-міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктер бар екенін айтып, жас маман Е.Мазыбаевтың бастамасына сәттілік тіледі. Жиын барысында сөз алған тыл ардагері «Алтын алқа» иегері, сексеннің сеңгіріне келген ана Қ.Қоңырбаева тылдағы ауыр күндерді еске алып, жас ұрпаққа ашық аспан тілейтінін толғана жеткізді.
Дастархан басындағы дөңгелек үстел ретінде өткен кездесуде сөз алған тыл ардагері А.Пикалов, Анна Губер, Чернобыль апатына қатысқан А.Жүнісов, 90 ға келген қария Б.Дүкембекова Елбасының сындарлы саясаты аясында өткенімізді түгендеп, өшкенімізді жағуға мол мүмкіндік алып отырғанымызды айтып, осы шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.

С.Чалова, бастауыш партия ұйымының
төрайымы, Тассай ауылы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз