Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

БАСТАУШЫ

Бастаушы ауылдық округі бойынша Ұлы Жеңістің 71 жылдығы клуб үйінің жанындағы ардагерлерге арналған обелиск жанында өтті. Митинг Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, 1 минут үнсіздік жарияланды.
Соғыс кезеңінен көрініс көрсетіліп 5 машина безендірілді, бейбіт өмірді насихаттайтын автокөлікте ауыл әжелері отырса, жастар соғыс басталған кезеңнен үзіндіні бейнеледі, тылдағы ерен еңбектің үлгісін мектептің жас ұстаз-дары образға беріліп көрсете білді, соғыстың аяқталып, Жеңіс туының тігілгенін мектеп оқушылары сомдады.


Құттықтау сөзді округ әкімінің м.а. А.Отаршина, тыл ардагері Ж.Қожамбетова, ақсақалдар алқа-сының төрағасы тыл ардагері Ш.Ғабитовке, Көк-жота орта мектебінің директоры Қ.Қайрғазинов, ауыл тұрғыны Д.Смағұлова айтты
Соғыс ардагері Ғ.Рахановқа арналған ес-керткіш тақтасы мен обелискіге гүл шоқтары қойыл-ғаннан кейін, клуб үйінде Көкжота орта мектебі ұжымының демеушілігімен тыл ардагерлері мен ауған жауынгерлеріне арналған көгілдір алау ұйымдастырылды. Дастархан басында естеліктер айтылып, ауыл көркемөнерпаздары ән мен биден шашу шашты. Ардагерлер риза көңілмен тарқасты.
С.Оспанова, клуб меңгерушісі

ПРЕОБРАЖЕНКА

1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде. Ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Преображенка ауылында Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесіне арналған шара өтті. Ауыл тұрғындары, оқушылар қан майданда Отан үшін кеудесін оққа төсеген батыр бабаларымыздың бейбіт күндегі ұрпағы соғысқа қатысқан ата апаларының суретін алып салттанатты шерумен ауыл көшелерін аралап жеңіс саябағына жетті. Жеңіс саябағында соғыс ардагері Гарганов Федор Кузьмич бастаған тыл ардагерлері, ауыл тұрғындары, аудан қонақ-тары шеріуді қарсы алды.
Концерттік бағдарлама басталып «Өрнек» балабақшасының кішкентай бүлдіршіндері сах-налаған көрініс көрсетіп ардагерлеріміздің көзіне жас алғызды.
Ауданнан келген қонағымыз, аудандық маслихат депутаты Р.Сафиоллинова барша қауымды мерекемен құттықтап, Елбасының қолы қойылған сертификатты, аудан әкімінің сыйлықтарын Гарганов Федор Кузьмичке табыс етті.
Соғыс кезін еске салатын көріністер, соғыста әрбір кеңес әскерінің жігерін оятқан әндер шырқалып, би де биленді. Ұрпағына Ұлы Жеңіс әкелген ардагерімізге ауылымыздың барлық ұжымдарының атынан бағалы сыйлықтар табыс етілді, ауыл кәсіпкерлерінің атынан дастархан жайылып, дастарқан басында ардагерлеріміз әндерін айтып, осындай мереке сыйлаған ұрпағына алғыстарын білдіріп, енді соғыс болмасын деп баталарын беріп көтеріңкі көңілмен тарқасып жатты.
Айдын Хумырбек, клуб меңгерушісі

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз