Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

21 мамыр – Мәдениет және өнер саласы мамандарының күні. Олар өздерінің шығар-машылығмен және шебер-ліктерімен адамдардың жүректеріне жол тауып, мереке ұйымдастырады, әсемдік әлеміне жол ашып, Отанымыздың рухани қазынасын молайтады, сақтайды. Мәдениет – қоғамның рухани және ождандық санасының қоз-ғаушы күші, адамдардың қоғамдық және күнделікті өмірінде басшылыққа алатын құндылықтары болып табылады.   

 

Бүгінгі күні біздің ауданның мәдениет саласында 117 адам жұмыс істейді, оның 77-сі  клуб меңгерушісі, 40 адам кітапханашы, сонымен бір-ге мұражай қызметкерлері, әртістер, музыканттар, мә-дениет саласының жас қыз-меткерлері, ардагерлер. Мереке қарсаңында Қ.Алтынбаев атындағы Мәдениет үйінде шығармашылық саласының бетке ұстар  қаймақтары үшін салтанатты жиын болды.      

Мәдениет саласының да-муын қамтамасыз етуде ұр-пақтар сабақтастығы мен халықтар арасындағы байланыс маңызды орын алады. Ол өз кезегінде жеке тұлғаның қалыптасуы мен рухани тұ-рақтылығын қамтамасыз етіп, өскелең ұрпақты өз елін сүюге тәрбиелеуде таптырмас құрал ретінде бағаланады.

Мәдениетті сақтап және дамыта отырып қана халықтың ерекшелігін, табиғилығын сақ-тауға болады. Мұның барлығын аудан әкімінің орынбасары        К.Смаилова құт-тықтау сөзінде айтып өтті. Кәсіби меркемен құттықтай отырып, Клара Рафикқызы мәдениет саласының  қызметкерлеріне шығармашылық табыс, жаңа биіктерден көрінуді тіледі.  

Жиналған қауымды құттық-таған    А.Әбенова, Р.Беспаев, Е.Сихварт, Р.Сафиоллинова бүгінгі мереке иелеріне игі ті-лектер айтып, олардың барша тұрғындарға шаттық сыйлап жүргендерін тілге тиек етті.

Ауданның мәдениет саласында өшпес із қалдырған, оның қа-лыптасып, дамуының бастауын-да тұрған сала ардагерлеріне айрықша ал-ғыс білдірілді. Ата-баба-дан келе жатқан рухани құн-дылықтарымызды сақтауда олардың атқарып отырған жұмыстары орасан зор деп атап өтілді.    

Ауданның мәдениет сала-сындағы  ең  басты  құндылық, өз шығар-машылықтарында биік шыңдардан көріне білетін, мекеменің беделін арттыруды алдыңғы орынға қоя білетін адамдары болып саналады. 

Салтанатты шарада ау-данның мәдени саласын өркендетуге қосқан үлес-тері үшін   К.Байжұманов, Л.Гебель, Н.Тоянкенов, А.Сү-лейменов, М.Клейн аудан әкімінің мадақтамасымен марапатталды. Аудан әкімінің Алғыс хатына   А.Бозақанов, Г.Бақырғалова, Г.Ошаева, Т.Нечаева, М.Әбілмәміжинов, С.Байжуменова, Қ.Бозақанова, Ф.Байтұманова, Б.Мусин,  В.Есенбаева,  К.Ибраев, А.Иб-раева, Айтолла Кулшекер,  Р.Нигматуллина, К.Әткешова, М.Омарова, Д.Акжігітов, Н.Ша-патов, Ж.Ахметжанова, В.Лут, Б.Баймолдина, Г.Дюсупова ие болды.  Бұл адамдардың көп-шілігі өздерінің еңбек жолдарын уыздай жас кезінде бастаған, қандай қиын-қыстау кезеңде мамандықтарына адалдықты сақтап қалған, өнерлерімен жерлестерін талай сусындатқан – ардагерлер.  

Мереке ауылдық округтрден келген өнерпаздардың және шара қонақтарының концерттік нөмірлеріне ұласты.  Көкпекті жері Қ.Алтынбаев, Д.Лоскутов және басқа да көптеген ұлт-тық өнер мен мәдениеттің өкілдеріне бай, олардың ең жарқын бейнелері біздің жадымызда мәңгі сақталып, тарихи құндылық ретінде есте қалады.

Бүгінгі буын өкілдері де аға ұрпақ салған жолдан таймай, өздерінің өнерлерін ха-лықаралық, республикалық бай-қауларда, көрмелерде көрсетіп, биік тұғырдан көрінуде. Бұл жетістіктер біздің өлкеміздің шынайы таланттарға бай екендігінің тағы бір дәлелі.

Мәдени мұраға көздің қарашығындай қарайтын өнер иелері, мұражай, ха-лық қолөнері, кітапхана ісі қызметкерлерінің барлығына да алғысымыз шексіз.

Меркелеріңізбен, мәдениет саласының қызметкерлері!    

Екатерина СКУДАРНОВА

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз