Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының әкімі Р.Н.Сағындықовтың аудан әкімі лауазымына тағайындалуының алғашқы аптасында-ақ азаматтарды қабылдауды бастады, ол кесте бойынша Самар ауылында өтті.

Сондықтан да аудан әкімінің қабылдауына кіргендер ең алдымен Рамиль Нығметжанұлын әкім болып тағайындалуымен құттықтап, лауазымды жұмысына табыс тіледі. Қабылдауға келген байырғы ұстаз Әскерхан Қизатов аудан әкіміне Уба санаториіне баруға жолдама алу бойынша мәселесін шешуді өтінді. Бұл мәселе бойынша сауалды аудан әкімі осы қабылдауға қатысып отырған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Оразғалиева жолдады. «Жалпы ауданға «Уба» санаториіне 40 жолдама ғана бөлінеді. Ол жолдаманы аудандағы 18 ауылдық округкетегі зейнеткерлерге бөлуіміз керек. Өтініш берушілер кезекке тұрығызылып, бір жылда барғандарды келесі жылы жібере алмаймыз», - деп жауап берді Бақыт Есімханқызы.

 

Анна Крючкова - жас кәсіпкер. Самар ауылында шаштараз салонын ашқан. Салық органдары оның орналасқан ғимаратын рәсімдеуді талап етіп отыр. Алайда, кейбір себептермен ТҚО құжаттарын қабылдамайды. Сондықтан да аудан әкімінен көмек сұрап келген. Рамиль Нығметжанұлы бұл мәселені осы жерде шешіп, енді кәсіпкер ауылдық округ әкімшілігі және аудандық қызмет органдары арқылы дайын құжаттары бойынша, заңға қайшы келмейтіндей иелігіндегі ғимаратты жер телімімен қоса заңдастыра алатын болады. Кәсіпкердің халыққа қызмет көрсетуді алаңсыз жалғастыруына мүмкіндік туады.

М.Санарова, Н.Антонова, Қ.Тойғанбаева және басқа да ауыл тұрғындары аудан әкімінің алдына қойған мәселелері бойынша нақты әрі терең талданған жауап алды. Олардың барлығының сауалдары бақылауға алынды. Мүмкіндігіне қарай қаралып, арызданушыларға жауап берілетін болады.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз