Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 

 

 


Шығыс Қазақстан облысы әкімінің үкімімен Сағандыков Рамиль Нығметжанұлы 2015 жылдың 12 мамырынан бастап Көкпекті ауданының әкімі лауазымына тағайындалды
.

Сағандыков Рамиль Нығметжанұлы 1967 жылы 6 наурыз Семей облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылында туған, ұлты қазақ, білімі жоғары. 1991 жылы Семей зоотехникалық ветеринарлық институтының мал дәрігері, 2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университетітінің құқықытану мамандығын тәмәмдаған.

Еңбек жолы:

06.1984-08.1984 жж – «Шегелек» совхозының №3 фермасының жұмысшысы, 05.1985-05.1987 жж – Кеңес әскері қатарындағы азаматтық борышын өтеу, Владивосток қаласы. 08.1987-06.1991 жж - Семей зоотехникалық – ветеринарлық институтының студенті, 08.1991-07.1994 жж – «Шегелек» совхозының №3 фермасының мал дәрігері, 07.1994-06.1995 жж – «Шегелек» совхозының №3 фермасының меңгерушісі, 06.1995-12. 1997 жж - «Шегелек» АҚ бас мал дәрігері, 12.1997 - 03.1998 жж - «Шегелек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас маман дәрігері, 03.1988-01.2000 жж - «Шегелек LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, 01.200-03.2000 жж - «Шегелек LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының міндетін атқарушысы, 03.2000-06.2010 жж - «Шегелек LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, 06.2010-08.2011 - Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі. 2011 жылғы 23 тамыздағы № 174 үкімімен Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2014 жылдың 27 желтоқсанынан бастап облыс әкімі Д.Ахметовтың үкімімен Көкпекті ауданы әкімінің міндетін атқарушы.

2015 жылдың 12 мамырынан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің үкімімен, аудандық мәслихат депутаттарының бірауыздан келісімімен Көкпекті ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

 

 

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз