10 қаңтар күні аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы жоспар бойынша аудан тұрғындарын қабылдады. Аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығына тиісті бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері жиналып, қабылдауға тізімге тіркелген тұрғындардан ең алдымен Көкпекті ауылының тұрғыны, жалғыз басты ана Дмитриева Снежана Владимировна кірді.
Снежана Владимировна тұрғын үй мәселесі бойынша келген екен, мемлекеттік тұрғын үй кезегіне 2024 жылы 13 мамыр күні тіркелген, бүгінгі таңда кезекте 87-ші болып тұр. Аудан әкімі тиісті сұрақтарды қойып, мәселенің байыбына барғаннан кейін тиісті бөлім басшыларын осы іске жұмылдырды. Снежана Владимировнаға заң аясында кезек ретімен үй берілетінін айтты.
Келесі болып қабылдауға Көкпекті ауылының тұрғыны Кербс Әсел Александровна кірді. Әсел Александровна 2024 жылы желтоқсан айында өз кезегі бойынша мемлекеттік жаңа тұрғын үйге ие болған, алайда баспана кілтін алған күннің ертеңінде сол жаңа үйдің электр желісінен ақау шығып, үйдің төбесі өртеніп кетті. Сол үйлердің құрылысына жауапты бөлім басшылығы өз күштерімен жаңа баспананы салған мердігерге жөндетіп, Әсел Александровнаға табыстауды өз мойнына алған еді. Бөлім басшысы Қайрат Жылқышев аталған жұмыстың осы ай соңында аяқталатынын жеткізді. Қабылдауға келген екі отбасының да шаруасы оңынан шешілетін болды.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.