Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру туралы тапсырмасын орындау шеңберінде Көкпекті ауданында аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың өткен жылғы әкімшіліктің жұмысының қорытындысын шығаруға және азаматтардың мәселелерін шешуге арналған халықпен кездесуі жалғасуда.
12 қаңтар күні аудан әкімінің халықпен кездесуі Теректі, Шұғылбай және Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округтерінде жалғасты. Халықпен кездесуге аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин, аппарат басшысы Талант Бақытбекұлы, бірқатар дербес бөлім мен мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.
Ауылдық округ әкімі Талғат Шаймарданов есептік баяндамасын слайдпен әрлеп, әр сөзіне нақты деректер келтірді. Атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, ағымдағы жылы қолға алынатын жобалармен бөлісті.


Атап айтсақ, 2023 жылы Теректі ауылдық округі бо-йынша ауыл көшелерін (Ш.Қалдаяқов, Қ.Аманжолов, М.Мақатаев) жарықтандыру, Бөгенбай батыр көшесіне асфальт төсеу, мал екпе жұмыстарын жүргізу орнын (раскол) жасау, ауылды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Келесі кезекте аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы Көкпекті ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны туралы айтып өтті. Бұл кездесуде тұрғындар өздерінің сауалдарын қойып, оған жауап алды. Сөз кезегі ұсыныс-пікірлерге кезек келгенде ауылдың ардақты анасы «Злиха» ШҚ басшысы Мансия Күзембаева жаз айларында өзенде су болмай қалып, кезекке қосылатын малдардың су ішуі қиындайтынын тілге тиек етті.
Қойылған сауалға округ әкімі Талғат Латфуллаұлы жауап берді. Жаз айларында өзеннен келетін суды басқа да пайдаланушылар өз арнасына бұрып алады. Себебі өзен суын бізден басқа да пайдаланушылар бар. Алдағы уақытта ауылды сусыз қалдырмаймыз – деп жауап берді.
Көп балалы ананың тағы бір сұрауы энциклопедияға қатысты болды. Ол сұрағы да жауапсыз қалмады.
Кездесу барысында аудан әкімі ешбір ауыл назардан тыс қалмайтынын айтты.

ШҰҒЫЛБАЙ АУЫЛЫНА ТАЗА АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЫ ТАРТЫЛАДЫ

Шалғайдағы шағын ауыл Шұғылбайдағы кездесу ақиық ақын Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектепте өтті. Ауылдық округ әкімі Ержан Күзембаев 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы айтып, округтің даму жоспарларымен бөлісті. Слайдта көрсетілген нақты ақпараттарды, қордаланған мәселелер мен олардың шешу жолдарын атап керсету арқылы ықшам да түсінікті есеп берген округ әкімінің сөзін тұрғындар асқан ықыласпен тыңдап отырды.
-Шұғылбай ауылының халқы негізінен мал шаруашылығымен және егін егумен айналысады. Жыл сайын мал басының өсу деңгейі байқалады. Атап өтсек былтырғы жылмен салыстырғанда ІҚМ басы 115 %, ұсақ мал 119% , жылқы 108% өсті. Мал шаруашылығын одан әрі дамытуға 6 шаруашылық өтінім беріп, мемлекет қаражатынан 3 630 мың теңге сомасында субсидия алып отыр. «Берік», «Қажымұқан», «Салтанат», «Қайнар», «Тұлпар», «Қалима», «Марал» шаруа қожалықтары жаңадан ауылшаруашылық техникасын сатып алып, округке 469 млн теңге инвестиция кіргізді. – деді өз сөзінде.
Баяндама аяқталған соң кездесуге келген әрбір тұрғын өзін толғандырған мәселесін көтеруге, пікірі мен ұсыныстарын ортаға салуға мүмкіндік алды.
Тұрғындар көтерген негізгі мәселелер мал жайылымының болмауы және осы ауылдан көшіп кеткен тұрғындардың пайдаланбайтын жерлерін қайтару, шырша көшеттерін егіп, ауылды көгалдандыру, көріктендіру жұмыстарын жандандыру төңірегінде тарқатылды.
Ауыл тұрғыны Шәкен Байжакупова 1990 жылы салынған білім ордасы жөндеу жұмыстарын қажет ететіндігін алға тартты. Бұл мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Аслан Танысбаев биылғы жылы мектепке жөндеу жұмыстары жасалатынын айтты. Сондай-ақ шұғылбайлықтарды МӘМС жарналарын төлеу, ауылдық медициналық пунктінің есік, терезесін ауыстырып, оған заманауи талапқа сай жөндеу жүргізу мәселесі мазалады. Зейнеткер ұстаз, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлнар Құнязова Шұғылбайдағы мәдениет ошағын салуға қолдау білдіріп, көмек көрсеткен аудан басшылығына алғысын айтты. Осы ретте мәдениет ошағына музыкалық аппаратура сатып әперетіні айтылды.
Кездесу барысында тұрғындар мектептің фойе залында жеке мәселелері (медицина, жер мемлекеттік гранттар мен несие беру) бойынша сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Оларды сала басшылары қабылдап, сауалдарына жауап берді.

ЫРЫСЫ КӨП, СҰРАҒЫ ЖОҚ АУЫЛ

Сол күнгі тұрғындармен кездесу ҰОС Батыры Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округімен аяқталды.
Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округі ауданымыздағы ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамыған ірі ауылдық округтердің бірі.
Округ әкімі Дәурен Жәнібеков өткен жылы атқарылған жұмыстарды айта келе, 2023 жылы жоспарланған шараларға тоқталып өтті.
Округ әкімінің мәлімдеуінше өткен жылы Преображенка ауылында орын алған көктемгі су тасқынын алдағы уақытта болдырмау мақсатында каналдар арнасын кеңейту жұмыстары жасалған.
Бүгінгі таңда округте 9 ШҚ мен 2 ЖШС тіркелген. Әкімшілікке берілген құзыреттілікті пайдалана отырып, шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға көмектер беріледі. Ауылшаруашылығын кешенді дамытуға арналған қолданысқа енген және жоспарланған мемлекеттік бағдарламалар арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. – деді өз сөзінде округ әкімі.
Ділдәбек Тәжібайұлы халықпен басқосуда аудан көлемінде 2022 жылы атқарылған жұмыстарды тізбектеп, жүзеге асқан жемісті бағдарламалар туралы баяндап, ағымдағы жылы жүзеге асатын жобалармен таныс-тырды.
Тұрғындармен өткен бұл кездесуде аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы толық мәлімет берді.
Мұнан соң тұрғындар тарапынан айтылған сұрақтар мен ұсыныс-пікірлерге кезек берілді. Алайда жиынға қатысушылар тарапынан сұрақ болған жоқ.
Кездесуден кейін аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдауға ниет білдірді.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз