Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бiрлестiгi Көкпекті аудандық филиалының кезекті есеп беру және сайлау конференциясы өтті. 28 сәуір күні өткен конференция жұмысына аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев қатысты. Ауылдық округ әкімдері мен 59 делегат ZOOM бағдарламалық жүйесімен қосылды. Жиынды аудандық кеңес төрағасының бірінші орынбасары Рауя Наурызбаева жүргізді.
Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев бес жылда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп бердi. Аудандық ардагерлер ұйымы өзінің қызметін «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Жарғысы мен Ережесін басшылыққа алып жүргізеді. Кеңес төрағасы есептік кезеңде қол жеткізген табыстар туралы баяндап, ардагерлерге әрдайым қамқорлық көрсетілетінін жеткізді. - Осы жылдары қол жеткізген табыстарымызда сіздердің қосқан үлестеріңіз аз емес. Ендігі кезекте, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына аға буын ардагерлер үлкен үлес қосады деп сенемін. «Қариясы бардың қазынасы бар» - деп өсиет еткен халқымыз үшін үлкеннің ақылын алып, өмірлік тәжірибесін үйрену - ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын өнеге, - деді Сләмбек Насырбайұлы.


Жарыссөзге шыққан аудандық мұражай қор сақтаушысы, ардагерлер кеңесінің мүшесі Клара Смаилова, Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округ ардагерлер кеңесінің төрайымы Таисия Шнайдер, Тассай ауылдық округінің әкімі Ержан Мазыбаев кеңес жұмысына жоғары баға берді. Қашан да қоғамдық жұмыстардың алдаңғы қатарында жүретін ардагерлердің аудан дамуына қосып отырған үлесі зор.
Сондай-ақ жиын барысында облыстық конференция делегаттары сайланып, аудандық ардагерлер ұйымының жаңа құрамы бекітілді. Барлық делегаттардың бірауыздан дауыс беруімен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Сләмбек Мұқашев қайта сайланды. Туып-өскен өңірдің өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп, артына өшпейтін із қалдырған, өнегелі ісімен айналасына үлгі болып, ілгеріге жол сала білген ардагерлер қашан да құрметке лайық.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз