Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

28 сәуір күні әкімшілік ғимаратындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде Көкпекті ауданының ТЖБ бастығының м. а. азаматтық қорғау подполковнигі Р. Ахметзакимен баспасөз брифингі өтті. Ашық әкімдік ғимаратында өткен брифинг барысында аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің 2021 жылдың 1-тоқсанында атқарған жұмыстарымен танысуға болады. Осы бөлімнің бас маманы Руслан Тайырұлы Ахметзаки БАҚ өкілдерімен кездесіп, «Tolagai news» ақпараттық порталында, тікелей эфирде тілшілер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Көрермендерге түсінікті болу үшін брифинг екі тілде өтті.
Руслан Тайырұлының айтуынша ТЖБ-де 2021 жылдың 1-тоқсанында 46 өтініш пен хабарлама және өзге де ақпарат тіркелді. Оның ішінде 8 өрт, 11 жағдай өрт (жану) ретінде есепке алуға жатпайтын, АҚЖ-11. Өрттен келтірілген материалдық шығын сомасы 695000 (алты жүз тоқсан бес мың) теңгені құрады.
-Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, өрттің саны сол деңгейде қалды, өрттерден келтірілген материалдық залал сомасы 3,5 еседен астам өсті.
Иіс тиіп уланудан зардап шеккендердің саны артты. 2021 жылдың басынан бері 7 адам зардап шекті, оның ішінде 4 бала (2020 жылдың сәйкес кезеңінде 4 адам зардап шекті, оның ішінде 2 адам қайтыс болды). 2020 жылғы осы кезеңде өрттердің туындауына әкеп соққан өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін 22 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Су тасқыны кезеңінде ТЖ туындауына жол бермеу мақсатында Көкпекті ауданының әкімі 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 13 «Су тасқынына қарсы 2021 жылдың көктем кезеңіне арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулы қабылдады. Осы қаулыға сәйкес, ауылдық округ әкімдеріне, ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларына тапсырмалар берілді. Әрбір ауылдық округте су тасқынына қарсы іс-шаралар жос-пары әзірленді. ТЖ туындаған кезде шаруашылық жүргізуші субъектілермен техниканы, жеке құрамды және азық-түлікті жеткізуге шарттар жасалды.
Көкпекті аудандық ТЖ алдын алу және жою комиссиясының жұмыс жоспары әзірленді. Оған сәйкес 2 кезекті отырыс өткізілді. Күн тәртібінде 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы мәселе қаралды. Оның нәтижелері бойынша ауылдық округ әкімдеріне және ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына ұсынымдар берілді. Аудан әкімдігінің жауапты мамандары мен ауыл округтері, ГТҚ жауапты тұлғаларының кезекшілік кестесі бекітілді.
Су тасқыны қаупі бар учаскелердің тұрғындарын хабардар ету схемасы және хабардар ету бағыттары әзірленді. Сондай-ақ, 2021 жылдың 25 наурызында аудандық ТЖК жоспардан тыс отырысы өткізіліп, су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері қаралды. Су тасқыны қаупі бар кезең ішінде көктемгі кезеңде төтенше жағдайларға жол бермеу бойынша мүдделі қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіру жүргізілді.
2021 жылғы 4-5 наурызда «Көктем-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді. РКШО шеңберінде 2021 жылғы 4 наурызда Көкпекті ауданында «ШҚО Көкпекті ауданы Самар ауылдық округінің Самар ауылында орналасқан су тасқыны қаупі бар тұрғын үйлерде авариялық-құтқару жұмыстарын және эвакуациялық іс-шараларды жүргізу, Лайлы өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде туындаған төтенше жағдайлардың салдарын жою» тақырыбында шұғыл ден қою құрама жасағының қатысуымен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді. Аталған оқу-жаттығуларға құралымдардың жеке құрамынан 71 адам және 16 бірлік техника жұмылдырылды.
2021 жылдың 1-тоқсанында ТЖБ қызметкерлері Көкпекті ауданының аумағында орналасқан объектілерге 22 тексеру жүргізді (18 - Ерекше тәртіп бо-йынша, 4 - жоспардан тыс).
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін барлығы 22 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жоспардан тыс тексеру бойынша 3 материал 462-баптың 3-бөлігі бойынша сотқа жіберілді.
Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау желісі бойынша бақылау объектілеріне 3 тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша 3 материал сот органдарына жолданды. Азаматтық қорғаныс шараларын орындамағаны үшін 3 заңды тұлғаға 1 020 950 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
2021 жылдың 1-тоқсанында Көкпекті ауданының ТЖБ қызметкерлері және ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ аудандық бөлімшелерінің жеке құрамы өрт пен адам өлімінің алдын алу бойынша тұрғын үй секторында алдын алу жұмыстарын жүргізді. 2020-2021 жылғы жылу беру кезеңінде 34 574 адамды қамти отырып, 12 417 үйді аулаларды аралап, 36 өрт қауіпсіздігі сенбілігі өткізілді, оның ішінде қайта. Тұрғын үй секторында өртке қарсы режимді тексеру барысында ТЖБ қызметкерлері тұрғындарға өртке қарсы іс-шараларды орындау бойынша жадынамалар берді, ӨҚБ түсіндірмелерін, өртке қарсы нұсқамалар өткізді. Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі сенбілігі аясында тұрғындарға су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу қажеттілігі туралы хабарлама-жадынамалар таратылды.
Үгіт-насихат жұмыстары бойынша аудан әкімінің сайтында 16 мақала және «Жұлдыз - Новая жизнь»аудандық газетінде өртке қарсы тақырыпта және ТЖ алдын алу туралы 10 мақала жарияланды. Ауданның түрлі билік органдарына 6 мақала жолданды. (объекттердің басшыларына).
Аудандық ТЖБ қызметкерлерімен шаруашылық объектілерінде 29 адамды қамтумен 12 нұсқама өткізілді, өртке қарсы тақырыпта 571 адамды қамтумен 31 дәріс өткізілді.
Бақытсыз оқиғалардың, төтенше жағдайлардың алдын алу және өрттердің алдын алу мақсатында аудан халқын пешке дер кезінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, электр құрылғыларымен құралдарының жарамдылығына назар аудару, пеш қорғандары мен ғимараттарға жақын жерлерде қоқыс өртеуге жол бермеу, балаларды үйде жалғыз қалдырмау, пешті уақытында күйеден тазартуға шақырамыз. - деп хабарлады төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы өз баяндамасында.

Аяжан Амантайқызы - модератор:
Биылғы көктем мезгілінде көпшілігімізді алаңдатқан Самар ауылында орналасқан Лайлы су қоймасының бүгінгі таңда жағдайы қалай?
Көкпекті ауданының ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Р. Ахметзаки:
Лайлы су қоймасы күзгі мезгілден бас-тап апаттық жағдайда, суды қосымша лақтыратын құрылғыда ақау пайда болған болатын. Соның салдарынан қауіп болған. Қазіргі уақытта нысан күнделікті бақылауда. Өздеріңізге белгілі су тасқыны кезеңінің бірінші кезеңі өтті. Қазір ешқандай қауіп жоқ. Сонымен қатар, су қоймасын қайта жөндеу жұмыстарына 38 млн. теңге қаражат бөлініп отыр. Жаз мезгілдерінде құрылыс жұмыстары бас-талып, қауіп сейіледі.

Аяжан Амантайқызы - модератор:
Аудандағы су тасқыны, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша Қарағанды қаласынан әскери механикаландырылған бөлімнен арнайы солдаттар келген болатын. Сол қосымша күштің атқарған жұмыстары жайлы тоқталып өтсеңіз.
Көкпекті ауданының ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Р. Ахметзаки:
№52859 әскери бөлімі Қарағанды қаласынан наурыз айының соңында ауданға келген болатын. әскерилер ауданда үш аптадай уақыт болды. Жергілікті атқару органдары Самар аграрлық-техникалық колледжінің жатақханасында орналастырылып, оларға барлық жағдай жасалды. Наурыз айының соңынан бастап су тасқынына қарсы шаралар атқарды. Самар, Миролюбовка, Преображенка ауылдары су тасқыны қаупі жоғары елді мекендер болып саналады. Осы үш елді мекенге негізгі іс-қимылдар жүргізуге басымдық берілді. Әскери жауынгерлердің қатысуымен Самар, Миролюбовка, Преображенка ауылдарында арықтар тазаланып, мың данадан инертті материалдар қапталып, дайындалды. Сонымен қатар, Жұмба ауылының кіре берісіндегі су өткізу құбырларындағы қатқан мұзды ойып, тазартты. Сондай-ақ, Үлгілімалшы ауылдық округіне қарасты Қараөткел ауылында орын алған дала өртін сөндеруге де өз үлестерін қосты.

Шолпан Асылбекқызы – аудандық «Жұлдыз- Новая жизнь» газетінің тілшісі:
Аудан аумағында орын алған өрттің негізгі себептері неден болады? Дала өртінің алдын алуға қандай кеңес бересіз?
Көкпекті ауданының ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Р. Ахметзаки:
Айтып өткендей, былтыр 2020 жылы 63 өрт жағдайы орын алған. Әр тоқсан сайын өрттердің себептерін анықтап, талдау жүргізіп отырамыз. Өрттің 80%-ы көбінесе тұрғын үй секторында болады. Қалғаны далалық, орман аймақтарында, кәсіпкерлік субъектілерде кездеседі. Өрттердің негізгі шығу себептері маусымдық факторларға да байланысты, қысқы жылыту маусымы кезінде үйлерде пештің ақаулығынан болады. Жоғарыда баяндамада айтып өткендей І тоқсанда болған 8 өрттің 6-уы пештің ақаулығынан болған.

Виктория Гармашова – аудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің тілшісі:
- Жергілікті тұрғындар арасында өрт сөндіру көліктері көбінесе өрттерге сусыз келеді деген пікір кең тараған. Бұл шынымен солай ма?
Руслан Ахметзаки, ТЖ бөлімінің бас маманы:
- Өкінішке орай, біз бұны жиі естиміз. Бұл жағдайды түсіндіріп өткім келеді. ТЖ бөлімінде сыйымдылығы 2 тоннадан 5 тоннаға дейінгі автоцистерналар бар. Өрт сөндіру кезінде су беру үшін өрт сөндіру автомобилінде сорғы болады, яғни су секундына 3,5 литр қысыммен беріледі. 7-13 минут ішінде цистернадағы су бітіп қалады. Суды одан әрі беру үшін оны жақын жерде орналасқан су көзіне (өзен, құдықтар және т.б.) толтыру керек. Осыдан кейін өртті сөндіру жалғасады. Жұмыс алгоритмі мынандай: жалынды жою кезінде біздің машиналарымызда су бар, жай ғана оның қорын мезгіл-мезгіл толықтырып отыру қажет. Егер біз қазір сіздермен бірге өрт сөндіру бөліміне барсақ, онда барлық цистерналар сумен толтырылғанын байқаймыз. Біздің өрт сөндірушілер 1 минут ішінде шақыруға шығады.

Аяжан Амантайқызы, модератор:
Бүгінде заманауи пештерінің түрлі-түрлісі шығып жатыр. Төтенше жағдайлар маманы ретінде аудан тұрғындарына қауіпсіз әрі тиімді қандай пештің түрін қолдануды ұсынар едіңіз?
Руслан Ахметзаки, ТЖ бөлімінің бас маманы:
-Өте дұрыс айтасыз, техника дамыған сайын пештердің түрі де көбеюде. Алайда тұрғындарға айтар ұсынысым, әр затты дұрыс қолдана білсе, қауіп төндірмейді. Бұл жағдайда пешті орнату кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін еске сақтаған жөн. Тұрғын үйлерге пешті салу кезінде жабындылар өртке төзімді материалдардан жасалуы керек. Төбе арқылы пештің құбырларын өткізу кезінде күймейтін кірпіштер, қызу өткізбейтін киіз, алебастр қолданылады.

Виктория Гармашова, «Жұлдыз - Новая жизнь» аудандық газетінің тілшісі»:
- Кәсіпкерлік субъектілеріне (дүкендер, дәріханалар, дәмханалар, Ш/Қ) өрт қауіпсіздігінің талаптары қандай? Ол нысандар сіздер арқылы тексеріле ме? Біздің аудан бойынша осы нысандардағы өрт статистикасы қандай?
Руслан Ахметзаки, ТЖ бөлімінің бас маманы:
- 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жариялаған болатын. Көкпекті ауданында мұндай субъектілердің басым бөлігі микро, шағын және орта кәсіпкерлік санатына жатады. Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес бұл объектілер бірнеше топқа бөлінеді. Адамдар жаппай болатын объектілер, адамдар тәулік бойы болатын объектілер, өрт қауіпті объектілер, ірі сауда объектілері тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатады. Мораторийге дейін жыл сайын тексерулер жүргізілді. Қазір біз олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Шағын дүкендер, дәріханалар және т.б. тәуекелдің төмен деңгейіне жатады, яғни біз оларды тексермейміз. Тексеруді тек шағым бойынша жүргізуге болады. Қазіргі уақытта барлық кәсіпкерлік субъектілері өз мүлкінің қауіпсіздігіне өздері мүдделі болуға тиіс екенін атап өткім келеді. Статистикалық мәліметтерге келетін болсақ, 2020 жылы сауда нысандарында 2 өрт жағдайы тіркелген.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз