Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Алдымен Самар ауылдық округіне табан тіреген аудан басшысы жергілікті қоғамдық қауымдастық мүшелерімен кездесіп, әлеуметтік нысандарды аралады. Абай атындағы орталық алаңда өткен кездесу барысында Серікқазы Құсайынұлы өзін таныстыра келе жұмыс сапарының мақсатымен бөлісті.
– Мақсатым – әрбір ауылдың тыныс-тіршілігімен жақын танысу. Өздеріңізбен ашық сұхбаттасып, пікірлеріңізді білу. Біздің тарапымызға келсек, тұрғындарға тиісінше қолдағы бар көмекті көрсетеміз, – деді аудан басшысы. Самарлықтар тарапынан айтылған барлық ұсыныстар мен тілектер ескеріліп, жұмыс барысы бойынша қаралатыны айтылды.
Бұдан кейін аудан басшысы мәдениет үйіне ат басын бұрып, атқарылған жұмыстармен танысты. Мәдениет ошағының жағдайымен танысқан соң, алдағы уақытта зәулім ғимаратта барлық жағдайы жасалған, заманауи жабдықтармен қамтылған ұжым нәтижеге жұмыс жасауы керектігіне назар аудартты. Сонымен бірге, тозығы жеткен жылу қазандығын алмастыру және ішкі көркемдікті үйлестіру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.


Былтырғы жылы Шығыс Қазақстан облысының үздік мектебі атанған Жұбандық Болғамбаев атындағы білім ордасында болған аудан басшысы атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Мектеп директоры Баян Қапезқызы аудан басшысына білім ордасын таныстырып, жаңа оқу жылына толық дайындықпен тұрған сыныптарды көрсетті. Расымен де, ауданның алдыңғы қатарлы білім ордасы - көрген жанның көзін қуантарлық. Серікқазы Құсайынұлы мектептің «жас ғалым» сыныбында білім алып, үздік нәтиже көрсетіп жүрген оқушыларды ынталандыру, үлгілі бала тәрбиелеген ата-аналарын марапаттау мәселесін қолға алу керектігін айтты.
Аудандағы іргелі округтің бірі Құлынжонға барған аудан басшысы ауылдағы жағдайды көзімен көріп, көңіл толтырды.
Округ әкімдігінің алдына жиналған қоғамдық қауымдастық мүшелерімен ашық пікір алмасу орын алды. Кездесу барысында «Серік» шаруа қожалығының басшысы Асқар Қажығалиев мал шаруашылығымен айналысып отырған ауыл тұрғындары үшін бруцеллез ауруы үлкен мәселе болып тұрғанын жеткізді. Бұл тұрғыда аудан әкімі Серікқазы Сәдуақасов мәселенің өте маңызды екеніне назар аудара отырып, салада жүйелі жұмыс қажеттігін ескертті. Бруцеллез ауруының қаншалықты қауіпті екенін айтып, халықпен түсіндіру жұмыстарын жандандыруды міндеттеді.
Күн санап құлпырып келе жатқан Құлынжон тұрғындары ауылдың тумасы, белгілі меценат Айдын Рахимбаевқа деген ризашылықтарын жасырмады. Аудан бюджетіне жыл сайын қомақты салық қаражатын түсіріп отырған атақты жерлесіміздің көмегімен соңғы жылдары Құлынжон ауылында атқарылған шаруалар көзге көрініп тұр. Округ әкімі Самарқан Демесінұлына құрылысы аяқталған «Алтын бесік - Құлынжон» балабақшасының абаттандыру жұмыстарын қолға алу жүктелді.
Бастаушы ауылдық округіне жұмыс сапары ұлттық ат спорты мектебімен танысудан басталды. Көкжота ауылының ескі мектеп ғимаратына орналасқан мекемеде бүгінгі күні жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта спорт залын жөндеп іске қосу, жылу жүйесін тарту бойынша ұсыныс енгізу дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ержан Кәрібаевқа жүктелді.
Қоғамдық кеңес мүшелерімен өткен кездесуде бірқатар мәселелер көтерілді. Бастаушы ауылына спорт ғимаратын салу, жаңа мектеп салуға бөлінген жер телімін пайдалану, ауылдық клуб үйінің жөндеу жұмыстары сынды мәселелер бақылауға алынды. Бастаушы тұрғындарымен танысу барысында аудан әкімі әрбір ауылда жергілікті қоғамдық қауымдастық мүшелері жүргізіліп жатқан құрылыс және жөндеу жұмыстарын бақылауға алу керектігін жеткізді.
– Біздің мақсатымыз – халыққа қызмет ету. Елдің мұң-мұқтажына құлақ түре отырып, ауыл халқының өмір сүруіне лайықты жағдай жасау, - деп кесіп айтты Серікқазы Құсайынұлы.
Абай атындағы орта мектептің ескі ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мердігер ұйым өкілімен кездесіп, жөндеу жұмысының барысымен танысқан аудан басшысы тиісті бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
Алғашқы жұмыс күнін Самар өңіріндегі іргелі ауылдарға жұмыс сапарымен бастаған Серікқазы Құсайынұлы алдағы күндері барлық елді мекендерде болып, тыныс-тіршілігімен таныспақ.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз