Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен сенбіде Көкпекті ауылының орталық алаңында аудан әкімінің бағаларды тұрақтандыру және тұрғындар сұранысын қанағаттандыру туралы тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуға арналған жәрмеңке өтті.

Жәрмеңкеге ауылдық округтерден келген ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер көкөніс өсірушілер мен жеке кәсіпкерлер белсене қатысты. Жәрмеңкеде сауда қызып, қап-қап орамжапырақ пен пияз, сәбіз арқалаған жұрт мәре-сәре.  Әсіресе, Тассай, Үлкенбөкен, Шәріптоғай, Құлынжон, Көкжайық, Самар, Миролюбовка, Теректі, Қ.Аухадиев ауылдық округтерінен әкелінген ет, балық, бал, жұмыртқа өнімдеріне сұраныс жоғары болды. Базар бағасынан әлдеқайда төмен бағамен сатылған өнімдерді жұртшылық кезекке тұрып таласып алды. Ет пен көкөністер сәскеге дейін өтіп кетті. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ақпаратына сүйенсек, жәрмеңкеге жоспар бойынша 14 селолық округ қатысуы тиіс болған. Бірақ, Биғаш, Мариногорка, Белое, Шұғылбай, Үлгілімалшы селолық округтері қатыспады. Көкпектіде өткен «Алтын күз» атты жәрмеңкеде 6 бас ірі қара еті, 3 қой еті, 1 тонна балық, 400 кг балық фаршы, 250 кг бал, 2 тонна картоп, 4 тонна орамжапырақ, 2 тонна сәбіз, 1 тонна жеміс-жидек, 2,5 тонна пияз, нан өнімдері және шикі манты, 500 дана жұмыртқа, 15 дана тауық грилі, 200 дана кәуап әкелініп, базар бағасынан төмен бағамен сатылды.

Жәрмеңке өту барысында кәсіпкерлермен тілдескен едік. Тілдесу барысында төмендегідей ақпарат алдық. Мұратбек, Әсия Алқановтар Үлкенбөкеннен 3 қой сойып әкелген екен. Олар еттің келісін 900 теңгеден сатса, кәсіпкерлер Болат,Сандуғаш Құсайыновтар дәл сол бағамен ірі қара сиыр етін сатты. Одан кейінгі ең өтімді Құлынжон және Тассай ауылдарынан әкелінген балық өнімдері болды. Гриценко Владислав балық фаршының келісін 350 теңгеден сатса, тазаланған дайын балықтың келісін өте арзан бағамен 200 теңгеден сатты. Ал, Көкпектілік Тоқтарбек Ибраев балықтың барлық түрінің келісін 400 теңгеден сатылымға шығарды. Шәріптоғайдан келген Дәурен Қожабаев бал, сәбіз және қызылша,балық өнімдерін және семіз ірі қара етін әкелген екен. Ол сәбіздің келісін 70 теңгеден сатса, балдың келісі 1000 теңгеден өткен. Қалбатаудан келген кәсіпкерлер алма мен жүзім сатты. Жемістердің бағасы нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен болды. Алманың келісін 250 теңгеден, жүзімді 300 теңгеден сатты. Ал, Талдықорғаннан әкелінген пияздың келісі 80 теңгеден әп-сәтте өтіп кеткен.

Міне, берекелі күздің мерекелі жәрмеңкесі осындай қарқынмен өтті. Алтын күздің берекелі байлықтарын көңілге қонымды бағаларға алып, көңілдері көншіген тұрғындар да, саудасы қызған кәсіп иелері де шат көңілмен үйді-үйлеріне тарасты. Аудан тұрғындары осы іспетті жәрмеңке апта сайын өтіп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді деген тілектерін жеткізуде.

Жанерке Абылхан

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз