Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жаздың бір күні - қысқа азық. Ауданымыздың мал ұстайтын қожалықтары мен жеке шаруалары шөп шабу науқанында қызу жұмыс жүргізіп жатыр. Алдағы қысқа түсетін малға қажетті азық дайындауда шаруалар ширақтық танытуда. Төрт түлігінің  жайын ойлаған ауылдағы ағайын шөп қылтия шабындық іздейтіні белгілі. Биылғы жылы да аудан шаруалары қыстың қамына ерте кірісіп, ауа райының қолайлылығын пайдаланып, маусым айының басынан бастап шөп жинау науқанына кірісіп кетті.

 

- Шөп шабу науқаны маусым айының 9-нан бастау алды. 2020-2021 жылғы қыстан аман-есен шығу мақсатында 170,0 мың тонна шөп дайындауымыз керек. Соның ішінде бүгінгі күнге дейін 90,0 мың тонна шөп дайындалды. Бұл дегеніміз жоспарланған шөптің 52,9 пайызын құрап отыр, - дейді аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Серікбек Қонысбаев.
Оның айтуынша, қазіргі таңда әр ауылдық округтер үшін дайындауы тиіс пішен мөлшері белгіленіп, әкімдерге нақты тапсырма берілген. Қазірде ауыл шаруашылық құрылымдарының бригадалары шабындықтағы жұмысқа кірісті. Жеке тракторымен шабындыққа шыққан бірлі-жарым тұрғындар да мал азығын дайындаудың қамымен жүр. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, ауданда биыл 13,0 тонна пішендеме, 45,5 тонна сүрлем, 7 тонна сабан, 10,0 тонна аралас жем-шөп дайындау жоспарда.
Бұрынғылар қыс шанасын жаз сайлайтын болса, бүгінде бұл шаруаға көктемнен бастап кірісетін болдық. Осының өзі-ақ ауылдастар үшін, жалпы ауданның ауыл шаруашылығы саласы үшін оның қаншалықты маңыздылығын, күз аяқталғанша, көзден таса болмас іс екендігін нақтылайды.
Яғни, мал басын көбейтудің де мүмкіндіктері молая түсуде. Маусым айынан бастап төрт түлікті алты ай қыстан аман алып шығудың қамына кіріскен ауыл тұрғындары қазір аулаға үйілген мая-мая шөпті аз көріп, артығымен сатып алып жатыр. Тұрғындар жем-шөп қорының мол болғанын қалайды.
- Мал шаруашылығына қарай бетбұрыс жасаған ауыл шаруашылығы құрылымдары қыстың қамын жаз ойлап, шөп дайындауда іскерлік жасауда. Аудан бойынша барлық ауылдық округтерде шаруа қожалықтары мен жеке шаруалар шөп жинап жатыр. Биылғы жылдың шөп шығымы өткен жылмен салыстырғанда едәуір жақсы деуге болады. Шөптің шығымы әр жерде әр түрлі. Кейбір шаруалар шабылған шөпті дала басында сақтап, шөп науқаны аяқталған соң, пішен қораға тасымақ, - дейді бөлім басшысы.
Ал ауданда алғашқылардың бірі болып «Көктерек» шаруа қожалығының пішеншілері шабындыққа орақ салды. Шөп шабуды бастаған «Көктерек» шаруа қожалығының жігіттері шөп шабу науқанын өз күштерімен игермекші. Науқандық жұмысқа 5 адамды тартып, 5 техника жұмылдырылып, қыстақтарына шөпті дайындау үстінде.
Шаруа қожалығының басшысы Халел Дәлелұлын әңгімеге тартқанымызда: - Биыл шүкір, шөп шығымы жақсы. Дала өртінен сақтық мақсатында таңғы және кешкі салқынмен шөп дайындап жатырмыз. - деді.
Ендігі мақсат қырдағы бұйырған астықты ауа райының қолайлы шағын пайдаланып, тез арада жинап алу болмақ. Техника барлық жерде жеткілікті. Демек, істің табысты аяқталуын жергілікті жерлердегі жұмыс ұйымдастыру шешеді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз