Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

 Әлеуметтік қызметкерлер күні – бұл адам мәселелерін ең  бірінші өздеріне  қабылдап, қолдан келгенше бұл мәселелерді шешуге көмек көрсететін адамдардың мерекесі. Достық, ынтымақтың белгісі ретінде өтетін бұл күні – біз сөзбен ғана емес, іс жүзінде адамгершіліктің ең жақсы: адал ниеттілік, мейірімділік сияқты қасиеттерін көрсететін мейірбан қызмет өкілдерін құттықтаймыз.

 

 Бұл жерде кездейсоқтық жоқ, бұл – нағыз еңбегі сіңген адамдар. Ал мұндай  іс, тек қана өзін толығымен басқалардың  қамқорлығына арнаған таңдаулылардың ғана қолынан келеді. Сөз жоқ, әлеуметтік қызметкер – жай ғана мамандық емес, бұл – дәлірек айтқанда, өмір салты. Адамдарға  деген махаббаттарыңыз, игілікті және жанкешті еңбектеріңіз үшін рахмет!  Әлеуметтік қызметкер — бүгінгі күні белгілі бір адамдарға және отбасына көмек көрсетуші адам ғана емес, сонымен бірге анықталған деңгейдегі саяткер және қоғамдық қайраткер, барлық қоғамның әл-ауқатын өркендетуге бағытталған, біздің республикамыздың заңдарын және әлеуметтік саясатты реформалауға қатысушы адам. Әлеуметтік қызметкерлер адамгершілік қарым-қатынастың әдептілігін игеретін, жалпы адами  рухани құндылық мәнін түсінетін, сенімді,  мейірімді, қамқоршы, әділетті адам және сөзге берік қасиеттері болуы керек.    

Өздері қызмет көрсететін адамдардың заңды құқығын қорғап, әлеуметтік статусын ұстап, өздерінің жан жылуын сыйлайтын, интернат үйдің тұрғын қарт адамының әлеуметтік ортада лайықты және жайлы тұрмыс құруы үшін еңбек ететін, үйде әлеуметтік қызмет көрсетілушілерге ілтипатпен қарайтын осындай абзал жандардың алдында бас иеміз.

Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат,төзімділік пен шыдамдылық тілейміз!

Д.Мусин, Көкпекті ауданының әкімі

Р.Беспаев, аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз