Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Таяу арада «Нұр Отан» партиясының Көкпекті аудандық филиалы Тассай бастауыш партия ұйымында бастауыш партия ұйымдарының төрағаларының басын қосқан семинар өткізді. Семинарға Көкпекті өңірі бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты. Семинар «Партиялық жобаларды жүзеге асырудағы аудандық партия филиалы жұмысының ролін арттыру» туралы болды.

 

Алдымен сөз алған аудандық партия филиалы төрағасының орынбасары Г.Ақшабаева партияның жаңа форматтағы жұмысында әлеуметтік топтардағы нақты мәселелерді шешуге бағытталған 12 партия жобасының бағыттары мен мақсаттары туралы түсіндірді. Әр жобаның маңыздылығына тоқталды. Бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына жұмыс барысында пайдаланатын тетіктер мен ресурстарды анықтап, партиялық іс-шаралардың маңызын есепке алу қажеттігін айтты.

Тассай бастауыш партия ұйымының төрайымы С.Чалова «Партияның сайлауалды тұғырнамасын және партиялық жобаларды жүзеге асыру туралы» өзінің іс-тәжірибесімен алмасты. Бүгінгі күні ауыл белсенділері бірлесе отырып Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына даярлықтары жөнінде айтты. Партия мүшесі, зейнеткер К.Оразбаева Ұлы Отан соғысының 70 жылдығын дұрыс қарсы алу үшін әрбір ауыл тұрғыны үлесін қосу керек, -деді. «Жас Отан» жастар қанаты атынан сөз алған Б.Байгереев қазіргі ауыл жастарының белсенді іс-әрекеті туралы өз пікірін айтты.

Аудандық партия филиалының есеп секторы А.Анкебаева мүшелік жарнаның төленуі және есепке алынуы туралы ақпарат берді. Соңында партия мүшелеріне жаңа үлгідегі партия билеттері табыс етілді.

Ш.Галиева «Нұр Отан» партиясының мүшесі, клуб үйінің көркемдік жетекшісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз